Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 32-бап. Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Сотының қарауы Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы

32-бап. Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Сотының қарауы Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

32-бап. Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Сотының қарауы Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы 

      Ескерту. 32-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      1. Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары төрағаларының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Сот даулы жағдайда республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Мұндай ретте республикалық референдум нәтижелерiн шығару өтiнiштiң қаралу кезеңiне кiдiртiледi.

      2. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда референдумға дайындық пен оны өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Сотқа бередi.

      3. Конституциялық Сот Конституция бұзылған жағдайда референдумды Республика Конституциясына сәйкес емес деп тануға хақылы. Мұндай жағдайда Орталық референдум комиссиясы референдум Конституцияға сәйкес емес деп танылған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) референдум нәтижелерiн жарамсыз деп тану, сол учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) бiр айдың iшiнде қайта дауыс берудi өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

      4. Конституцияға сәйкес емес деп танылған республикалық референдумның нәтижелерi Орталық референдум комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдумның қорытындыларын шығаруды жүргiзе беруге әкеп соғады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы