Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 12-бап. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы Республикалық референдум туралы Конституциялық заңы 

      1. Егер референдум өткiзу туралы бастамашылықты азаматтар көтерген жағдайда құрамына Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде үш-үштен өкiл кiретiн референдумның бастамашыл тобы құрылады.

      2. Референдумның бастамашыл тобы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар, бiрақ Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде отыз-отыздан өкiлдер қатысқан жиналыста құрылады.

      3. Жиналыс өткiзуден кемiнде он күн бұрын оның бастамашылары аумағында жиналыс өткiзiлетiн жергiлiктi атқарушы органға жиналыстың уақыты, орны және мақсаты туралы жазбаша хабарлауға тиiс.

      4. Жиналыстың алдында жиналысқа қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi, олардың мiндеттi түрде тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi және Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi көрсетiлген тiзiм жасалады.

      5. Референдумның бастамашылар тобының мүшелерi жиналысқа қатысушылардың көпшiлiк даусымен сайланады. Бастамашыл топтың тiзiмiнде топтың әр мүшесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi көрсетiледi. Референдумға қойылатын сауалды оған тиянақты жауап қайтарылуы үшiн бастамашыл топ айқын тұжырымдауға тиiс. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы