95-бапқа түсініктеме. Жазаны орындаумен ұштасқан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
1. Осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орны бойынша, ал жазаның өзге түрлеріне сотталған адамдарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау органдарының мекемелерінде орындалады.
2. Сотталған адамның стационарлық емделуді талап ететін психикалық жай-күйі өзгерген жағдайда, сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3. Көрсетілген мекемелерде болу уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі. Сотталған адамды көрсетілген мекемелерде одан әрі емдеу қажеттілігі жойылған кезде, одан шығару Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
4. Жазаны орындаумен ұштасқан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату сотталған адамды жазаны орындайтын органның ұсынуы бойынша, психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде сот арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс жасағаны үшін тағайындалған жазаны орындауға байланысты мәселелер 1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі. Алайда жазаны орындаумен ұштасқан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты мәселелер осы қылмыстық-құқықтық нормамен қарастырылады.
Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігінде сотталған адамдарға қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын көрсету орындары айқындалады. Онда бас бостандығынан айыруға байланысты жаза тағайындалған жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазаны өтеу орны бойынша, яғни бас бостандығынан айыру орындарында орындалатыны көрсетілген. Егер адамға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалса, онда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары амбулаториялық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау органдарының мекемелерінде орындалады. Мұндай көмек психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде көрсетіледі. Егер адам одан әрі мәжбүрлеп емдеуді қажет етпесе, онда ол осы мекемелерден 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Психиатриялық көмек және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтарының кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен шығарылады.
Сотталған адамның стационарлық емделуді талап ететін психикалық жай-күйі өзгерген жағдайда, сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады (ҚР ҚК 95-бабының 2-бөлігі). Бұл жағдайда бас бостандығынан айыруға байланысты жазаны өтеп жүрген адамдарды психиатриялық және наркологиялық диспансерлерге орналастыру мүмкіндігі туралы сөз болып отыр. Мұндай сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарының стационарлық емдеу мекемелеріне орналастырылуға жатады. Оларды мұндай мекемелерге орналастыруға сотталған адамның психикалық жай-күйінде болған өзгерістер негіз болып табылады. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдарды ауруханаға жатқызу денсаулық сақтауды басқару органдарының психиатриялық және наркологиялық стационарларында жүргізіледі. Стационарда болу уақыты, жоғарыда айтылғандай, мұндай жазаларды өтеу мерзіміне психиатриялық стационарда болған бір күнді бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен есепке алу арқылы қосылады. Бұл осы жағдайда жазаны өтеу мерзімінің үзілмейтінін білдіреді. Сотталған адамды психиатриялық немесе наркологиялық диспансерде одан әрі емдеу қажеттілігі жойылған кезде, ол соттың қаулысы бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.
Жазаны орындаумен ұштасқан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату сот арқылы жүзеге асырылады.
Алайда соттың шешімі тек психиатр дәрігерлерден тұратын комиссияның қорытындысына негізделуге тиіс. Бұл ретте психиатр дәрігерлер комиссиясы өз қорытындысын жазаны орындайтын органға ұсынады, ал жазаны орындайтын орган, өз кезегінде, сотқа жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2007 жылғы түсініктеме. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі И.Ш. БОРЧАШВИЛИ.
Актінің өзгертілген күні: 02.08.2007
Актінің қабылданған күні: 02.08.2007
Қабылданған орны: ЖОҚ
Актіні қабылдаған орган: 180000000000
Қолданыс аймағы: 100000000000
Нормашығармашылық орган берген нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: 167
Актінің мәртебесі: new
Құқықтық қатынастар саласы: 028000000000
Актінің нысаны: ТҮСІНІКТЕМЕ
Заңдық күші: 1900
Актінің тілі: орыс тілі
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктемелер, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, Нормативтік құқықтық актілер.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау