94-бабына түсініктеме. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындауnn Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
1. Қылмыс жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде психикалық ауруға шалдығып, өз әрекеттеріне есеп беру немесе оларды басқару мүмкіндігінен айырылған адамға, егер ескіру мерзімдері өтпесе немесе оны қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіздер болмаса, сауыққаннан кейін сот жаза тағайындауы мүмкін.
2. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық бұзылуға ұшыраған адам сауыққан жағдайда, жаза тағайындау немесе оны орындауды қайта бастау кезінде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күн бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен жаза мерзіміне есептеледі.*nnТүсіндіріліп отырған нормада мәжбүрлеп емдеу қолданылғаннан кейін жаза тағайындауға мүмкіндік беретін шарттар айқындалады.
Оларға мыналар жатады:nn1) қылмыс жасалғаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде пайда болған психикалық ауру;nn2) адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдерінің өтпеуі;nn3) адамды қылмыстық жауаптылықтан босатудың өзге де негіздерінің болмауы.nnМедициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейін адамға жаза тағайындау «жасалған әрекеті үшін жазаның бұлтартпастығы» қағидатын іске асыруға ықпал етеді. Белгілі болғандай, әрбір адам жасаған әрекеті үшін лайықты жазасын алуға тиіс, алайда егер адам жаза тағайындауға кедергі келтіретін психикалық ауруға шалдықса, жаза тағайындау оның сауыққан кезіне дейін кейінге қалдырылады.nnОсылайша, мәжбүрлеп емдеуден кейін жаза тағайындау кезінде заң шығарушының ізгілік қағидатын ұстанатыны байқалады.
Өйткені психикалық ауруға шалдыққан адам өзіне қолданылатын жазаның мәнін толық көлемде түсіне алмайды және тағайындалған жаза өз мақсаттарына жете алмайды.nnЕскіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚР ҚК-нің 69-бабында қарастырылады.nnАдамды қылмыстық жауаптылықтан босатудың өзге де негіздері Қылмыстық кодекстің V бөлімінде («Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату») қарастырылады.nnТалданып отырған нормада психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу мерзімдері мен бас бостандығынан айыру сияқты жаза мерзімдерін есептеу тәртібі айқындалады. Заң шығарушы көрсеткендей, олар бір-біріне мынадай арақатынаста есептеледі: «психиатриялық стационарда болған бір күн бас бостандығынан айырудың бір күніне тең».
Осылайша, психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу мерзімдері мен бас бостандығынан айыру мерзімдерінің теңдігі белгіленеді.nnБіздің пікірімізше, психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу мерзімі бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың мерзіміне де есептелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2007 жылғы түсініктеменің авторы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі И.Ш. Борчашвили.**nnАктінің өзгертілген күні: 02.08.2007nnАктінің қабылданған күні: 02.08.2007nnҚабылданған орны: ЖОҚnnАктіні қабылдаған орган: 180000000000nnҚолданылу өңірі: 100000000000nnНормативтік құқықтық актіні нормашығармашылық орган берген тіркеу нөмірі: 167nnАктінің мәртебесі: newnnҚұқықтық қатынастар саласы: 028000000000nnАктінің нысаны:
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау