Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 22 ақпандағы № 63-VIII ҚРЗ. 

       2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 9 желтоқсанда Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының 

 

Президенті 

Қ. ТОҚАЕВ 

  

Бейресми аударма 

 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы 

 ХАТТАМА 

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, 

       2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, 

      төмендегілер туралы келісті: 

 1-бап 

       2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін: 

       1) 72-баптың 2-тармағының бірінші абзацы "мүше мемлекетте" деген сөздерден кейін "осы Шартқа 18-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; 

       2) Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа 18-қосымша): 

 

       2-тармақ жиырма бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 

      "электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер" - ақпараттық-телекоммуникациялық желі (электр байланысы желісі) арқылы, оның ішінде Интернет желісі арқылы көрсетілген, ақпараттық технологияларды пайдаланбай көрсету мүмкін болмайтын және тізбесін Комиссия Кеңесі бекітетін қызметтер;"; 

 

       28-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 

      "Басқа мүше мемлекеттің салық органында есепте тұрған осы басқа мүше мемлекетте тек банк шотының ашылуына және (немесе) жылжымайтын мүлкінің және (немесе) көлік құралдарының және (немесе) өткізу орны жұмыстарды орындамайтын (қызметтер көрсетпейтін) өкілдігінің болуына байланысты ғана осы басқа мүше мемлекеттің аумағы болып табылатын бір мүше мемлекеттің салық төлеушісіне (ұйымына немесе дара кәсіпкерге) салық декларацияларын табыс ету және осы басқа мүше мемлекеттің бюджетіне ҚҚС төлеу жөніндегі міндет жүктелмейді. 

      Осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген салық төлеуші осы басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып танылатын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындаған (көрсеткен) кезде осы басқа мүше мемлекеттің салық органында есепте тұрған сатып алушы-салық төлеуші (ұйым немесе дара кәсіпкер) осындай жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша осы басқа мүше мемлекеттің бюджетіне тиісті ҚҚС сомасын есептеуге және төлеуге (егер бұл осы басқа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, ұстап қалуға) міндетті. 

      Осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген салық төлеуші осы басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып танылатын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындаған (көрсеткен) кезде дара кәсіпкер болып табылмайтын сатып алушы-жеке тұлға осы басқа мүше мемлекеттің бюджетіне тиісті ҚҚС сомасын есептеуді және төлеуді (ұстап қалуды) жүргізбейді. 

      Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде ҚҚС алу осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады."; 

 

       29-тармақта: 

 

       4) тармақшада: 

      екінші абзац "өңдеу жөніндегі қызметтерді" деген сөздерден кейін "(электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 

      "электрондық құрылғылар мен дерекқорлардың кез келген түрлері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді (электрондық құрылғылардың кез келген түрлері үшін бағдарламалық құралдар мен ақпараттық өнімдерді) әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда);"; 

      алтыншы абзац "ұқсас құқықтарды" деген сөздерден кейін "(электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; 

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 

      "электрондық нысанда қызметтер көрсету (мұндай көрсетілетін қызметтерді сатып алушының қызметін жүзеге асыру орны осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес айқындалады);"; 

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: 

      "6) осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жұмыстарды орындайды, қызметтерді көрсетеді (электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), оларды қызметін жүзеге асыратын немесе басқа мүше мемлекетте тұрақты тұратын және дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға сатып алады."; 

 

       30-тармақтың бірінші абзацы "құжаттар" деген сөзден кейін "(егер осы Хаттамада өзгеше көзделмесе)" деген сөздермен толықтырылсын); 

      мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын: 

  

"Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға қосымша" 

 Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын алу ТӘРТІБІ 

 1. Жалпы ережелер 

       1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 72-бабына және Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) (Шартқа № 18-қосымша) сәйкес әзірленді және бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі басқа мүше мемлекеттің салық төлеушісіне, сондай-ақ жеке тұлғаларға (басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер және салық төлеушілер болып табылмайтын, бірақ осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру орнын айқындау шарттарына сәйкес келетін) электрондық нысанда қызмет көрсеткен кезде ҚҚС алу тәртібін айқындайды. 

      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар Хаттамада айқындалған мағыналарында қолданылады. 

 II. Электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыру 

      3. Мүше мемлекеттер Комиссия Кеңесі бекітетін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады. 

      4. Осы Тәртіп пен Хаттаманы қолдану мақсатында, атап айтқанда: 

      1) егер ақпараттық-телекоммуникация желісі арқылы, оның ішінде Интернет желісі арқылы тапсырыс беру кезінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу осындай ақпараттық-телекоммуникация желісін пайдаланбай жүзеге асырылса, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу; 

      2) материалдық жеткізгіштердегі электрондық құрылғылардың (компьютерлік ойындарды қоса алғанда) кез келген түрлеріне және (немесе) материалдық жеткізгіштердегі дерекқорға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді (пайдалану құқықтарын беру) іске асыру; 

      3) ақпараттық-телекоммуникация желісіне, оның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік беру бойынша қызметтер көрсету электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерге жатпайды. 

 III. Электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді сатып алушының қызметін жүзеге асыру орнын айқындау 

      5. Егер мына шарттарының бірі орындалса: 

      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйым мемлекеттік тіркеу негізінде мүше мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырса; 

      2) қызметтер осы мүше мемлекетте орналасқан, аталған ұйымның мемлекеттік тіркеу орны болып табылмайтын ұйымның филиалына, өкілдігіне, тұрақты өкілдігіне көрсетілсе не ұйымның осындай филиалы, өкілдігі, тұрақты өкілдігі үшін сатып алынса және олар оны тұтынған болса; 

      3) ұйымның тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органының орналасқан жері (басқару орны) осы ұйымның мемлекеттік тіркеу орны болып табылмайтын осы мүше мемлекетте орналасса және осы мүше мемлекетте ұйымның кәсіпкерлік қызметі іс жүзінде жүзеге асырылса, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер тұтынылса, мүше мемлекеттің аумағы қызметтерді электрондық нысанда сатып алатын ұйымның қызметін жүзеге асыру орны болып танылады. 

      6. Егер мына шарттардың бірі орындалса: 

      1) сатып алушының тұрғылықты жері (тұрақты немесе басым уақыт тұратын жері) осы мүше мемлекетте орналасса; 

      2) сатып алушы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланатын шот ашылған банктің немесе сатып алушы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша қаражаты операторының орналасқан жері осы мүше мемлекеттің аумағында орналасса; 

      3) қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушының желілік мекенжайы осы мүше мемлекетте тіркелсе (тиісті мекенжай кеңістігіне жатса); 

      4) сатып алушы көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оған ақы төлеу үшін пайдаланатын телефон нөмірі елінің халықаралық кодын осы мүше мемлекет берсе, мүше мемлекеттің аумағы жеке тұлғаның, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру орны болып танылады. 

      7. Электрондық нысанда қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру орны, егер бұл осы Тәртіп күшіне енгеннен кейін қабылданған, дара кәсіпкер тіркелген мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленсе, осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген, ұйымдар үшін қолданылатын шарттардың негізінде айқындалады. 

      8. Егер осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес - көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сатып алатын жеке тұлғаның қызметін жүзеге асыру орны бір мүше мемлекеттен көп аумақта, танылуы мүмкін болған жағдайда, сатушы мүше мемлекеттің аумағында көрсетілген шарттардың көп санының бір мезгілде сақталуын негізге ала отырып, осындай жеке тұлғаның қызметін жүзеге асыру орнын айқындайды. 

      6-тармақта көрсетілген шарттардың тең санын бір мезгілде сақтаған кезде бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтарында сатушы электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді сатып алушылардың шектелмеген тобы үшін қолданылатын тәсілдерді негізге ала отырып, осындай жеке тұлғаның қызметін жүзеге асыру орнын дербес айқындайды. 

 IV. Электрондық нысанда қызмет көрсету кезінде ҚҚС төлеу 

      9. Осы Тәртіптің 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметін жүзеге асыру орны басқа мүше мемлекеттің аумағы болып танылған жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсететін бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі ҚҚС төлеу мақсатында осы басқа мүше мемлекеттің салық органында есепке қойылуға жатады. Есепке қою көрсетілген салық органының Интернет желісіндегі ақпараттық ресурсты (бұдан әрі - ақпараттық ресурс) пайдалану арқылы не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, аумағы осындай көрсетілетін қызметтерді іске асыру орны болып табылатын мүше мемлекеттің салық органында шартты түрде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. 

      10. Осы Тәртіптің 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚҚС төлеу мақсатында қызметін жүзеге асыру орны басқа мүше мемлекеттің аумағы болып танылған ұйымдарға және (немесе) дара кәсіпкерлерге электрондық нысанда қызметтер көрсететін бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі, егер мұндай міндет осы басқа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, осы басқа мүше мемлекеттің салық органында есепке қойылуға жатады. 

      Егер аумағы электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып табылатын мүше мемлекеттің салық органында салық төлеуші-сатушыны есепке қою жөніндегі міндет осындай мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса, онда көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сатып алатын ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлер өз мүше мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен ҚҚС есептеу және төлеу (ұстап қалу) жөніндегі міндеттерді жүзеге асырады. 

      Егер салық төлеуші-сатушылар осындай басқа мүше мемлекеттің салық органында есепке қоюды жүзеге асырмаса (сатып алушының қызметін жүзеге асыру орны бойынша мүше мемлекеттің заңнамасында есепке қою жөніндегі міндет көзделген жағдайда), онда ҚҚС есептеу және төлеу (ұстап қалу) жөніндегі міндетті көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сатып алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер өзінің мүше мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырады. 

      Егер сатып алушының қызметін жүзеге асыру орны болып танылған мүше мемлекеттің заңнамасында жеке тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкерлерге не дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсетуге байланысты негіз бойынша ғана осындай мүше мемлекеттің салық органында есепке қою көзделсе, бірақ салық төлеуші-сатушы жеке тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкерлерге, сол сияқты ұйымдарға да осындай қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, онда ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлер электрондық нысанда сатып алынған көрсетілетін қызметтерге қатысты ҚҚС есептеу және төлеу (ұстап қалу) жөніндегі міндетті сатып алушының қызметін жүзеге асыру орны деп танылған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді сатып алатын осындай ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлер жүзеге асырады. 

      Электрондық нысанда қызметтер көрсететін ұйымдардың тізімі көрсетілген ұйымдарды электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерін сатып алу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің салық органдарында есепке қою күні, төлеушінің есептік нөмірі немесе салық - төлеушінің сәйкестендіру нөмірі немесе салық төлеушінің тіркеу нөмірі (болған кезде) көрсетіле отырып, Интернет желісінде мүше мемлекеттердің салық органдарының ресми сайттарында орналастырылуы тиіс. 

      11. Бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып танылатын қызметтерді электрондық нысанда көрсеткен кезде, осы басқа мүше мемлекеттің салық органдарында есепте тұрған, осы басқа мүше мемлекетте осындай көрсетілетін қызметтерді сатып алушылармен электрондық нысанда қызметтер көрсететін салық төлеушімен жасалған шарттың негізінде есеп айырысуларға тікелей қатысатын ұйым (дара кәсіпкер) делдал болған кезде, ҚҚС есептеуді және төлеуді (ұстауды) электрондық нысанда қызмет көрсететін салық төлеуші емес, есеп айырысудағы осындай делдал жүргізеді. 

      Бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып танылатын қызметтерді электрондық нысанда көрсеткен кезде бірінші мүше мемлекеттің салық органдарында немесе аумағы осындай қызметтерді өткізу орны болып танылмайтын өзге мүше мемлекеттердің салық органдарында есепте тұрған электрондық нысанда қызметтер көрсететін осындай салық төлеушімен жасалған шарт негізінде осы басқа мүше мемлекетте осындай көрсетілетін қызметтерді сатып алушылармен тікелей есеп айырысуға қатысатын ұйым (дара кәсіпкер) делдал болған кезде, егер осы Тәртіптің 9 және 10-тармақтарына сәйкес осындай салық төлеушінің осы басқа мүше мемлекетте салықты есепке қою және төлеу жөніндегі міндеті туындаса, ҚҚС есептеуді және төлеуді (ұстауды) электрондық нысанда қызметтер көрсететін салық төлеуші емес, есеп айырысудағы осындай делдал жүргізеді. 

      Есеп айырысуларда бірнеше делдалдардың қатысуымен электрондық нысанда қызметтер көрсетілген жағдайда ҚҚС есептеуді және төлеуді (ұстауды) осындай делдалдың салық төлеуші-сатушымен шартының бар-жоғына қарамастан, сатып алушымен есеп айырысуға тікелей қатысатындар жүргізеді. 

      Осы тармақтың бірінші - үшінші абзацтарында көрсетілген жағдайларда басқа мүше мемлекеттің салық органында есепке қою, ҚҚС бойынша салық декларацияларын ұсыну, ҚҚС төлеу және салық төлеуші үшін осы Тәртіппен айқындалған өзге де міндеттерді орындау бойынша осы Тәртіптің талаптары есеп айырысуларда көрсетілген делдалға қолданылады. 

      Салық төлеуші-сатушы электрондық нысанда дербес түрде, сондай-ақ электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып табылатын мүше мемлекетте орналасқан оның филиалы, өкілдігі, тұрақты өкілдігі арқылы қызметтер көрсеткен жағдайларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды. 

      12. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде осындай қызметтер көрсететін салық төлеушілерді және осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген есеп айырысудағы делдалдарды салық органында есепке қою (есептен шығару) тәртібі, салықтық база, ҚҚС мөлшерлемелері, ҚҚС есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері, салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату), сондай-ақ ҚҚС-тың артық төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібі, егер осы Тәртіптің 15-тармағында өзгеше көзделмесе, аумағы осындай қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады. 

      13. Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы басқа мүше мемлекеттің аумағында көрсетілген электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС төлеу үшін басқа мүше мемлекеттің салық органында есепте тұрса, және бұл ретте осы басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып танылатын, Хаттаманың 29-тармағы 1) - 4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша өзге де операцияларды жүзеге асырса, онда осы өзге операциялар бойынша ҚҚС төлеу, егер осы басқа мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы Тәртіптің 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

      14. Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы Тәртіптің 9 -11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша есепке қойылуға жатса немесе басқа мүше мемлекеттің салық органында есепте тұрса, онда ол аумағы көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген нысан бойынша не осы мүше мемлекеттің құзыретті органы бекіткен нысан бойынша тиісті салық декларациясын салық органына ұсынады. Көрсетілген салық декларациясы аумағы көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің салық органының ақпараттық ресурсы арқылы салық органына ұсынылады. 

      Егер салық декларациясы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылмаса, онда салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көзделген салық декларациясын салық органына беру міндеттемесін орындамай, белгіленген мерзімге ҚҚС төлеуді жүргізеді. 

      Бақылау іс-шараларын жүргізу шеңберінде аумағы электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің салық органы осындай қызметтерді көрсететін салық төлеушіден көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын, ҚҚС төлеудің толықтығы мен уақтылығын растау үшін қажетті мәліметтерді және белгіленген мерзімге ҚҚС төленгенін растайтын төлем құжатын (құжаттарын) немесе оның көшірмесін талап етуге құқылы. 

      Талап етілетін құжаттар салық органының талабында көрсетілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде сұрау салушы салық органына электрондық түрде ұсынылуға жатады. Салық төлеушінің өтініші негізінде салық органы мәліметтерді және (немесе) төлем құжаттарын ұсыну мерзімін ұзарта алады. 

      15. Бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі қызметтерді электрондық нысанда көрсеткен және басқа мүше мемлекеттің аумағы өткізу орны болып танылатын, Хаттаманың 29-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі өзге де операцияларды жүзеге асырған кезде, тоқсанның немесе айдың соңғы күні (егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ай салық кезеңі болып табылса), көрсетілген қызметтерге (орындалған жұмыстарға) төлемақы (ішінара төлемақы) немесе алдағы қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) есебінен төлемақы (ішінара төлемақы) түскен салық базасын айқындау кезі (күні) болып табылады. 

      Егер аумағы осындай көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, салықтық базаны айқындау кезінде шетел валютасындағы көрсетілген қызметтердің (жұмыстардың) құны салықтық базаны айқындау сәтіне (күніне) сәйкес келетін күні мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі. 

      16. Осы Тәртіптің 9 және 14-тармақтарында көзделген ақпараттық ресурстар құрылғанға дейін электрондық нысанда қызмет көрсететін ұйымдарда немесе делдал болуы кезінде осындай қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарда ҚҚС есептеу және төлеу (ұстау) жөніндегі міндеттер туындамайды. 

      Мұндай міндет, егер бұл міндет аумағы электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, тиісінше электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді сатып алатын ұйымға (дара кәсіпкерге) жүктеледі. 

      Аумағы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді өткізу . орны болып табылатын мүше мемлекеттің салық орғанында шартты түрде тіркеуді жүзеге асырған салық төлеуші-сатушыға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.". 

 2-бап 

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арпалар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді. 

      2022 жылы 9 желтоқсанда Бішкек қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. 

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді. 

Армения 

 

Республикасы 

үшін 

Беларусь 

 

Республикасы 

үшін 

Қазақстан 

 

Республикасы 

үшін 

Қырғыз 

 

Республикасы 

үшін 

Ресей 

 

Федерациясы 

үшін 

      Осымен бүл мәтін 2022 жылғы 9 желтоқсанда Бішкек қаласында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтұпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын: 

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян; 

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко; 

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев; 

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С. Н. Жапаров; 

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин. 

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссия да сақталады. 

      Еуразиялық экономикалық комиссияның 

 

 

Құқықтық департаментінің директоры 

В. И. Тараскин 

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын. 

      Қазақстан Республикасының 

 

Қаржы Вице-министрі 

Е.Е. Біржанов 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада м...

Толық оқу »

20-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

20-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңТiкелей немесе жанама пиғылмен жасалған іс-әрекет қасақана жасалған қылмы...

Толық оқу »

26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға...

Толық оқу »

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп таныладыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19-бабына түсініктемеҚылм...

Толық оқу »

Бұрын кісі өлтірген адам болған және тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын ұрлап әкеткен бұзақылық себептермен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

Бұрын кісі өлтірген адам болған және тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын ұрлап әкеткен бұзақылық себептермен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп...

Толық оқу »

Комментарий к статье 26. Совершение административного правонарушения умышленно   Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 26. Совершение административного правонарушения умышленно Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях        Административное правон...

Толық оқу »

Қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін

Қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін Заңның 80-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қызметкер жұмыстан шығарылуы мү...

Толық оқу »

Покушение на умышленное убийство, то есть как противоправное умышленное причинение смерти другому человеку, не доведенное до конца по независящим от лица обстоятельствам, основаны на противоречивых и недопустимых фактических данных, не соответствуют конституционному принципу презумпции невиновности

Покушение на умышленное убийство, то есть как противоправное умышленное причинение смерти другому человеку, не доведенное до конца по независящим от лица обстоятельствам, осно...

Толық оқу »

Комментарий к статье 20. Преступление, совершенное умышленно УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 20. Преступление, совершенное умышленноУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Преступлением, совершенным умышленно, признается деяние, соверше...

Толық оқу »

Признание безвестно отсутствующим, объявление умершим умышленно скрывающиеся с целью уклониться от исполнения каких-либо обязательств

Признание безвестно отсутствующим, объявление умершим умышленно скрывающиеся с целью уклониться от исполнения каких-либо обязательств Нередко суды признают безвестно отсутств...

Толық оқу »

Причинение смерти по неосторожности в результате преступной небрежности умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, повлекшее по неосторожности смерть потерпевшего

Причинение смерти по неосторожности в результате преступной небрежности умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, повлекшее по неосторожности смерть потерпевшего Приговор...

Толық оқу »

Женщинам, ранее осужденным к лишению свободы за умышленное преступление и вновь совершившим умышленное преступление, отбывание наказания назначается в учреждениях уголовно-исполнительной системы максимальной безопасности

Женщинам, ранее осужденным к лишению свободы за умышленное преступление и вновь совершившим умышленное преступление, отбывание наказания назначается в учреждениях уголовно-исп...

Толық оқу »

24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсе...

Толық оқу »

Кісі өлтірудің жанама ниетін белгілеу қылмысты кісі өлтіруге оқталу ретінде саралауға жол берілмейді.

Кісі өлтірудің жанама ниетін белгілеу қылмысты кісі өлтіруге оқталу ретінде саралауға жол берілмейді.Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со...

Толық оқу »

Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттыққа жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттыққа жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімді бекіту туралы Қа...

Толық оқу »

458-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

458-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының С...

Толық оқу »

1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салық...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импорты кезiнде жанама салықтар алудың принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импорты кезiнде жанама салықтар...

Толық оқу »

207-1-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

207-1-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау-импорттау кезiнде өзара жанама салықтар алу принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау-импорттау кезiнде өзара жанама салықтар алу...

Толық оқу »

Алматыда қылмыстық істер бойынша адвокат кісі өлтіруге жанама ниет белгілеген кезде қылмысты кісі өлтіруге оқталу ретінде саралауға жол берілмейді

Алматыда қылмыстық істер бойынша адвокат кісі өлтіруге жанама ниет белгілеген кезде қылмысты кісі өлтіруге оқталу ретінде саралауға жол берілмейдіАлматы облысының қылмыстық іс...

Толық оқу »

223-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

223-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп па...

Толық оқу »

Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы...

Толық оқу »

2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы келісімді бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың...

Толық оқу »

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгеріст...

Толық оқу »

Комментарий к статье 207-1. Нарушение порядка осуществления закупок товаров, работ, услуг национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и организаций, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 207-1. Нарушение порядка осуществления закупок товаров, работ, услуг национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и о...

Толық оқу »

Комментарий к статье 223. Нарушения, связанные с неправомерным приобретением прямо или косвенно десяти или более процентов акций финансовой организации без получения письменного согласия Национального Банка Республики Казахстан  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 223. Нарушения, связанные с неправомерным приобретением прямо или косвенно десяти или более процентов акций финансовой организации без получения письменно...

Толық оқу »

Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы

Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау мен импорттау кезіндегі жанама салықтарды алу принциптері туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау мен импорттау кезіндегі жанама салықтарды алу принципте...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың пр...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы келісімді бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері тура...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының арасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының арасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері...

Толық оқу »