Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды ол тоқтатылғаннан кейін қайта бастау прокурор не сот оны тоқтату туралы қаулының күшін жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттары орындалмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарған сот прокурордың өтінішхаты бойынша осындай қаулының күшін жояды.

      2. Іс бойынша іс жүргізудің қайта басталғаны туралы күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші және оның өкілі, заматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ өздерінің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған адам немесе ұйым жазбаша хабардар етіледі.

      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау, егер адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі аяқталмаса ғана орын алуы мүмкін.

      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы баптың ережелеріне сәйкес қайта басталған жағдайда, прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты қоспағанда, уәжді қаулысымен бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.

      5. Егер прокурор күзетпен ұстау немесе үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасын таңдау қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 146 және 147-баптарын басшылыққа алады.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

385-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот тергеуін қайта бастау

385-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот тергеуін қайта бастауЕгер сот жарыссөзінде сөйлеушілер немесе сотталушы іс үшін маңызы бар жаң...

Толық оқу »

524-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық iстi қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

524-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық iстi қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер қыл...

Толық оқу »

385-бап. Сот тергеуiн қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

385-бап. Сот тергеуiн қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер сот жарыссөзiнде сөз сөйлеушi немесе сотталушы соңғы сөзiнде iс үшiн маңыз...

Толық оқу »