Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

  •        Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Кодекстің" деген сөз "ӘҚБтК-тің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Тұлғалардың кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

  •        Жүзеге асыру үшін тұлғаның белгіленген тәртіппен лицензияны алуға міндетті болатын қызмет түрінің және кіші түрінің толық тізбесі Заңға 1-ҚОСЫМШАДА көзделген.

  •       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Егер кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен лицензиясыз айналысудан алынған табыстан салық төленген болса, онда тәркілеуге жататын табыс көлемі салық төленген сомаға кемиді.

  •        Егер арыз берушіге лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе Заңның 32-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту жөнінде уәжді жауап берілмесе, онда оның көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапқан табысы лицензиясыз қызметтен алынған табыс ретінде қарастырыла алмайды. Мұндай табыс тәркіленуге жатпайды.

  •        Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен нақтылы айналысқан күнінен бастап лицензия берушінің лицензияны беру мерзімі аяқталғанға дейінгі кезең ішінде тапқан табысын лицензиясыз қызметтен алынған табыс ретінде қарастырған жөн.

  •       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Хаттамаға әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болып табылған, жеке белгілері мен құны көрсетілген заттар тізбесі ғана емес, сонымен қатар заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің лицензиясыз қызметтен алған табыстары туралы мәліметтер де қоса тіркелуге тиіс.

  •        Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болып табылатын заттардың құны нарықтық құны бойынша, қажетті жағдайларда "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-ІІ Заңына сәйкес бағалаушы маман қатыстырыла отырып анықталады.

  •        Тұлғаның кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен лицензиясыз айналысу кезінде тапқан табысының мөлшері салықтық тексеру актісінде немесе лауазымды адамы осындай қызметті жүзеге асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жасауға уәкілетті органның өзге де құжатында көрсетіледі.

  •       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  • Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының Төрағасы 
    Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының судьясы,жалпы отырыс хатшысы 
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

  •