633-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің алқабиге әсер етуіне жол бермеу
Мемлекеттік айыптаушыға, жәбірленушіге, сотталушыға және оның
қорғаушыға, сондай-ақ процестің басқа да қатысушыларына алқабилердің қатысуымен бүкіл сот талқылауы барысында белгіленген тәртіптен басқа, осы істі қарауға қатысатын алқабилермен байланысуға тыйым салынады.
ҚІЖК-нің 633-бабының ережелері алқабилердің қатысуымен соттың барынша тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз етуге бағытталған (ҚІЖК-нің 22,51-баптарының нормаларына түсініктемені қараңыз).
Процеске қатысушылардың алқабилермен өзара қарым-қатынас тәртібі ҚІЖК-нің 647-655-баптарында айқындалған. Бұл ретте алқабилердің процеске қатысушылармен кез келген байланыстары алынып тасталады және олар тиісті мәселелерді жазбаша түрде қою нысанында төрағалық етуші арқылы сот тергеуі барысында ғана орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктемесі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы