648-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Алқабилер қатысатын сот iстi талқылаған кезде осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында көзделген мәселелер шешiледi.
2. Судья алқабилердi дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректермен таныстыруға тиiс емес. Егер сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректер табылса, төрағалық етушi оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi алқабилер бар кезде шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда, олардың заңдық күшi жоқ деп, ал оларға жасалған зерттеудi жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешімдер қабылдау кезінде оларды ескермеуін түсіндіруге мiндеттi.
3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Ескерту. 648-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы