7-14-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің мәртебесі Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адам ретінде ерекше мәртебесі болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалардың құқықтарын қорғау саласында кәсіптік қызметті жүзеге асыру және тиісті мекемемен еңбек қатынастарында болу кезеңінде адам Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкері мәртебесіне ие болады.
2. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерлері әрбір екі жыл сайын біліктілігін арттырудан өтуге міндетті.
Біліктілікті арттырудан өту тәртібін, мерзімдерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы