7-19-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) қатысты, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы ақпарат болған жағдайларда, оларды анықтау, есепке алуды жүргізу және жеке профилактика шараларын жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органын осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген фактілер туралы дереу хабардар ету;
3) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы