Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 187-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

187-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

187-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

       Ескерту. 187-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. 

      Медициналық ұйымнан тыс жерде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес, анасы босанғаннан кейін бес тәулік ішінде жүгінген босандыру ұйымының жауапты медициналық қызметкері ресімдейді. 

       Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде баланың ата-анасы туралы мәліметтер азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес толтырылады.  

      Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін мемлекеттік тіркеу кезінде анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер оның сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады. 

   Медициналық ұйымнан тыс жерде туған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттар, оның ішінде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорда құжаттары жоқ баланың тууын тіркеу үшін анасы босанғаннан кейін бес тәулік ішінде жүгінген босандыру ұйымы беретін, анасы туралы мәліметтер оның сөзінен жазылғаны туралы белгісі бар туу туралы медициналық куәлік негіз болып табылады.

       Бұдан әрі баланың анасы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген тәртіппен туу туралы акт жазбасында толықтырылады.  

  Ата-аналары анықталмаған жағдайда баланың тууын тіркеу осы Кодекстің 196-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. 

       Азаматтық хал актілеріне ата-анасының атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, ұлтын жазу осы Кодекстің 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргізіледі. 

      Баланы суррогат ана туған жағдайда, туу туралы медициналық куәлік баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады. 

      2. Баланың туу туралы медициналық куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді, оның ішінде тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, жынысын және жеке сәйкестендіру нөмірін,, құжаттың берілген күнін қамтуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында берілген, қағаз жеткізгіштегі баланың туу туралы медициналық куәлігі – медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға тиіс, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс. 

      Медициналық ұйымда баланың туу фактісі туралы мәліметтер туылған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне беріледі. 

      3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың бала тууын, сондай-ақ суррогат ана туған баланы мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүргізіледі. 

      4. Алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 187-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

    Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы