133-бап. Жауапкердің және (немесе) баланың болған жерінің белгісіздігі және оларды іздестіру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Жауапкердің нақтылы тұрған жері белгісіз болған кезде көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасының соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазба сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады.
Жауапкердің және (немесе) баланың болған жері белгісіз болған кезде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы талап бойынша судья жауапкерді және (немесе) баланы іздестіруді жариялау туралы ұйғарым шығаруға міндетті.
2. Мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының денсаулығының зақым алуынан немесе қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкердің тұрған жері белгісіз болған кезде сот уәкілетті органдар арқылы жауапкерді іздестіруді жариялауға міндетті. Соттың жауапкерге іздеу жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.
3. Жауапкер өзіне сот шешімінің көшірмелері тапсырылғаннан кейін осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым беру үшін өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат беруге және соттың шешіміне шағым жасауға құқылы.
4. Жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу уәкілетті органның арызы бойынша сот бұйрығын беру арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы