83-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Баланы ата-аналарынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты сот шешiмдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкiлiнiң және бала берілетін адамның (адамдардың) мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен мәжбүрлі түрде орындалатын болады.
2. Баланы оның мүдделерiне нұқсан келтiрмей ата-аналарынан айырып алу және оны басқа адамға (адамдарға) беру туралы сот шешімін орындау мүмкiн болмаған кезде, бала соттың ұйғарымы бойынша баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда уақытша орналастырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы