18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда, азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қарсы әрекеттер орын алған интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы.
Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабарланады.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан интернет-ресурс көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азамат не баланың заңды өкілі өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп интернет-ресурс пайдаланыла отырып балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы.
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы