Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

"Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38471 болып тіркелді

   "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Саны реттеуге жататын балық түрлерін және басқа су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министріА. Сапаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі2026 жылғы 15 сәуірдегі № 138бұйрығына қосымша

 

"Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат алуға арналған өтініш береді.

      Бас тарту негіздерін және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 83-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат алуға арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш) келіп түскен күні оны қабылдауды, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Тізбенің 10-тармағында көзделген бас тарту негіздері анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы "Е-лицензиялау" МДҚ-дағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саны реттеуге жататын балық түрлері мен басқа да су жануарларын алып қоюға арналған рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) ресімдейді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "Е-лицензиялаудағы" көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабында белгіленген тәртіппен шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын уәкілетті органға жібереді. Шағымда көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылған, қолайлы әкімшілік акт қабылданған жағдайда, шағым шағымды қарайтын органға жіберілмейді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті органның ведомствосы, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      12. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не барып тексеру;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарауға уәкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны және оның себептері туралы жазбаша түрде (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық түрде (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

 "Саны реттеуге жататын балықжәне басқа да су жануарларыналып қоюға рұқсат беру"мемлекеттік қызметін көрсетуқағидаларына 1-қосымшаНысанКімге_______________________________________________(көрсетілетін қызметтіберушінің толық атауы)кімнен _______________________________________________(көрсетілетін қызмет алушыныңтолық атауы)мекенжайы ________________________________________(индекс, облыс, қала, аудан,көше, үй, пәтер №)көрсетілетін қызметтіалушының дерекнамалары______________________________(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,жеке сәйкестендіру нөмірі)

 

Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беруге арналған өтініш

      Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беруді сұраймын.

 

Жүктеу

Балық және басқа да су жануарлары санын реттеу мақсаты мен негіздеріАлып қою тәсілдері (аулау)Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)(бизнессәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)Балық аулау объектілері болып табылмайтын, алып қойылатын балық және басқа да су жануарларының атауы мен көлемі(жыланбас – бір рұқсат бойынша 30 килограммнан аспайды)Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қою учаскесі (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, акватория шегінде шекаралары сипаттаумен)Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қою мерзіміЖыныстық-жастық құрамы (қажет болған жағдайда)
       
       

 

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20 ___ жылғы "___" ______________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, ЭЦҚ)

 

 "Саны реттеуге жататын балықжәне басқа да су жануарларыналып қоюға рұқсат беру"мемлекеттік қызметін көрсетуқағидаларына 2-қосымша

 

"Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

Жүктеу

1Мемлекеттік қызметтің атауыСаны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру
2Мемлекеттік қызметті берушінің атауыҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
3Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
4Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі1 (бір) жұмыс күні
5Мемлекеттік қызметті көрсету нысаныЦифрлық (ішінара цифрландырылған)
6Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіСаны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат немесе уәжді бас тарту
7Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін
8Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигіПортал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсететін орындардың мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
9Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттардың тізбесіҚағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беруге арналған, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық нысандағы өтініш
10Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді толық ұсынбауы және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы;2) берілген өтініштің Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі;3) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес балық және басқа да су жануарларын алып қою лимитінің болмауы;4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерді өңдеуге келісімінің болмауы;5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген балық және басқа да су жануарларын алып қоюға шектеулердің және (немесе) тыйым салулардың болуы.
11Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптарКөрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" веб-порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414 және 8 800 080 7777 нөмірлері бойынша ала алады.
  

 

 

 "Саны реттеуге жататын балық
 және басқа да су жануарларын
 алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік
 қызметін көрсету қағидаларына
 3-қосымша
 Нысан

 

Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарлары түрлерін алып қоюға арналған № _________ рұқсат

 

Жүктеу

 Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)(бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)Балық және басқа да су жануарларының санын реттеудің мақсаты мен негіздеріБалық және басқа да су жануарлары саны реттелетін акватория ауданы және учаскенің шекаралары (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, балық шаруашылығы субъектісімен келісу бойынша балық шаруашылығы аумақтарында)Алып қою тәсілдері (аулау)Балық және басқа да су жануарларының түрлері, сондай-ақ олардың жыныстық-жастық құрамы (қажет болған жағдайда)Балық және басқа да су жануарларын алып қою мерзіміРұқсатты пайдалану туралы есепті аумақтық бөлімшеге ұсыну мерзімі (рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде)
       
       
       

 

      Берілген күні 20 ___ жылғы "____" __________.

 

 "Саны реттеуге жататын балықжәне басқа да су жануарларыналып қоюға рұқсат беру"мемлекеттік қызметін көрсетуқағидаларына 4-қосымшаНысан

 

 

Жүктеу

[Уәкілетті органның атауы]

 

[Уәкілетті органның атауы]

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

      Берілген күні: [Берілген күні]

      [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркеу орны: Облыс:

      [Облыс] Аудан: [Аудан]

      Қала / елді мекен: [Қала/елді мекен]

      [жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН]

      Мемлекеттік тіркеу күні [күні]

      Бас тарту себебі:

      [Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

      __________ ____________________________________ ________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (ЭЦҚ)

      20 ___ жылғы "___" ______________ 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау