110-бап. Су тұтынушылар елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне ағызатын сарқынды суларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Су кодексі
Сарқынды суларды дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне қабылдауға мынадай жағдайларда:
1) сарқынды сулар тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес, сарқынды сулардың құрамындағы зиянды заттардың жол берілген концентрациясы жөніндегі талаптарға сәйкес келгенде жол беріледі. Сарқынды сулар сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздерінің су бұрудың оқшау тазарту құрылысжайларында оларды тазартуды жүзеге асыруға міндетті;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар белгілеген техникалық шарттардың талаптары орындалғанда жол беріледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
110-бап. Су қоймаларын пайдалану Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Су қоймалары жер үстiндегi ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.
2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі осы Кодекстің 37-бабы 1-тармағының 7-7) және 13-1) тармақшаларында көрсетілген қағидаларға сәйкес әзірленген су қоймаларын пайдаланатын ұйымдардың қағидаларында айқындалады.
5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткiзу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
6. Су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар жүзеге асырады.
7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.
Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы