19-бап. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi Электр энергетикасы туралы Заңы
Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Электр энергиясын тұтынушылардың:
1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын алуға;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;
3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.
2. Электр энергиясын тұтынушылар:
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
3. Алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.04.11 № 136, 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы.
Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы