Демалыс аймақтары тұтынушылардың құқықтарына қалай қысым жасайды
Кейбір демалыс орындары тұрғындарға демалыс аймақтарына тамақ әкелуге болмайды деп, сырттан алынған тағамдарды кіргізбейді. Бұл қаншалықты дұрыс? Мұндай жағдайда не істеу керек? Бүгін тұтынушылардың құқығы туралы сөйлесетін боламыз. Әлеуметтік маңызы зор, әрқайсысымызды алаңдатып отырған сұрақтарға адвокат Ғалымжан Саржанов жауап береді. #демалыс #тұтынушы #құқық ПЕРВЫЙ КАНАЛ ЕВРАЗИЯ
- Демалыс аймағына өз тамағыңмен кіруге болмайды деген талап қаншалықты заңды?
- Заңсыз болған жағдайда қайда шағымдану керек?
- Көңіл-көтеретін орындарда, қоғамдық жерлерде, демалыс орындарында, тіпті дүкендерде адамның жеке сөмкесін ақтарып тексеру қаншалықты заңды?
- Заңсыз болса, қайда шағымдану керек?
- Кафе, мейрамхана, дәмханаларда қызмет көрсету үшін 10 пайыз келушіден ұстап қалады. Бірақ ол сыйақы қызмет көрсеткен даяшыға берілмесе, тамақтаны орны бізден сол ақшаны талап етуге құқылы ма?
- Қандай жағдайда қызмет көрсетудің 10 пайызын төлемеуге болады?
Демалыс аймақтары тұтынушылардың құқықтарына қалай қысым жасайды?
ҚР Сауда министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде айтылды.
Жазғы демалыс және демалыс маусымы қарсаңында Комитетке демалыс аймақтары мәлімдейтін талаптарға, ол тұтынушыға оның аумағына өзінің тамағы мен сусындарымен кіруге тыйым салу бойынша сұрақтармен жиі жүгінеді.
Комитеттің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов келесіні хабарлайды: "Заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып табылады және оны ешкім шектей алмайды (ҚР Конституциясының 26-бабы 1 және 3 бөліктері)".
Егер әркім билет сатып алса немесе оның аумағына кіру үшін ақы төлесе, тамақ пен сусындармен демалыс аймағына еркін кіруге құқылы, өйткені бұл жасалған шарттың нысаны болып табылады (ҚР АК 394-бабы).
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 8-1-б. 2-т. 3) тт. сәйкес тұтынушыға демалыс аймағына оның ішіңде тамақ пен сусынның болуына байланысты кіруге тыйым салуға жол берілмейді, өйткені бұл әрекет тұтынушыны оның аумағында тамақ пен сусындарды қосымша сатып алуға мәжбүрлеу болып табылады.
Мұндай шектеулер ауызша немесе жазбаша болсын, жарамсыз, өйткені олар Заңның жоғарыда аталған бабында жазылған.
Заңның 24-бабы 3) тт. сәйкес, кәсіпкер тұтынушыға демалыс аймағының аумағына қолда бар және заңды түрде сатып алынған барлық мүліктермен еркін кіруді қамтамасыз етуге міндетті, егер заттар моральдық негіздерді бұзбаса және т.б., әсіресе мұндай тауарлар демалыс аймағының аумағында сатылса, мұндай тыйым салуға жол берілмейді.
Баяндалған құқық бұзушылықтың құрамы болған кезде тұтынушы ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-бөлігі бойынша жосықсыз кәсіпкерді жауапкершілікке тарту үшін БҚДА аумақтық департаментіне тікелей жүгіне алады, оған сәйкес 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген немесе осы мәселе бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіруші ретінде консультация және құқықтық көмек алу үшін СИМ-ның аумақтық СжТҚҚД жүгінуге болады.
Бұған қоса, тұтынушы басқа кәсіпкерлерден сатып алған тамақ пен сусындарды пайдалануға тыйым салу демалыс аймағының бәсекелестікке қарсы әрекеті болып табылатындығын атап өту маңызды (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 177-б. 1-т., 2-т. 6) және 8) тт.).
«Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тікелей тарту үшін тұтынушылардың құқықтарын бұзатын немесе оларға қысым жасайтын шарттағы (ауызша немесе жазбаша) талаптар үшін ӘҚБтК – ға санкцияны толықтыру бойынша жұмыс жүргізуде», – деп қосты ол.
- Көптеген мейрамхана мен кафе клиент чегіне 10 пайыз мөлшерінде қызмет көрсету бағасын қосады. Бұл қаншалықты заңды және оны төлеуден бас тартуға бола ма?
"ҚР стандарттау, метрология және сертификаттау тәртібі бойынша, яғни ГОСТ 30389-2013 сәйкес мекеме (мейрамхана, кафе және т.б.) қызмет көрсету үшін қосымша ақы ала алмайды. Себебі кафе мен мейрамханада тұтынушыларға даяшы қызметін ұсыну (10 пайыз) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің осы санаты үшін міндетті шарт болып табылады. Осылайша, пайыз арқылы жеке қызмет ақысын алу тұтынушылардың құқықтарын бұзатын жағдай болып табылады",
Заңгер егер мекеме қызмет көрсетуге қосымша ақы алатынын алдын ала айтса, бұл заңсыз болып саналмайтынын ескертті.
"Тамақ ішуге келген тұтынушыға 10 пайыз алынатыны туралы мәзірде көрсетілсе немесе даяшы ауызша ескертіп айтса, бұл жағдай заңсыз болмайды, яғни алдын ала хабарланып ескертілуі тиіс. Егер де ескертілмесе, мұндай жағдайда тұтынушы қызмет көрсету үшін қосымша пайыз төлеуден бас тартуға құқылы. Қосымша тұтынушы өзінің құқықтарын "Тұтынушыларды қорғау ұйымына" немесе сот арқылы қорғауына болады",
2) Мейрамханалар қызметі үшін 10% алым. Заңды ма?
Жақында «Кафе, мейрамханаларда тамақтанғанда қызмет көрсеткені үшін 10% алу заңды ма?» деген тақырыпта Қазақстан ұлттық телеарнасына интервью бердім.
Бірқатар заңгерлер «бұл заңсыз» деген пікірде болса, мен «бұл әрекет заңды» дейтін заңгерлердің қатарына жатамын. Неге? Көзқарасымды негіздеп көрейін.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 25-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, қызмет көрсетуші тұтынушыға ұсынылатын қызметтің түрлері, ерекшеліктері туралы БАРЛЫҚ АҚПАРАТТЫ беруге МІНДЕТТІ.
Кафе, мейрамханаларда тағамның бағасымен қоса қызмет көрсеткені үшін 10% алатындығы жайлы әдетте мәзірде (меню) алдын ала ескертіледі, яғни мейрамхана көрсететін қызмет түрі, оның ерекшеліктері туралы АҚПАРАТТЫ тапсырыс берместен бұрын сізге АЛДЫН АЛА айтады. Заң тілімен айтқанда, мейрамхана мен сіздің араңызда жария шарт (публичный договор) жасалды. Жария шартта сол қызметті алатын барлық тұтынушыларға қызмет кесімді бағамен (фиксированная цена) көрсетіледі. Демек, бұл шарт талаптарын қабыл алғандығыңыздың, ол қызметпен келіскендігіңіздің белгісі. Аталған 10%-бен келіспеген жағдайда, сізде таңдау құқығы бар: сіз қызмет көрсеткендігі үшін 10% алМАЙТЫН басқа орыннан барып тамақтана аласыз (немесе үйде тамақтана аласыз).
Алайда, қызмет көрсеткені үшін 10% алатындығын алдын ала ескертпесе және қызмет көрсетіліп болғаннан кейін сізге шотта тағамның үстіне 10% қосып алып келсе, сіздің даулауға құқығыңыз бар. Себебі, қызметті көрсетуші көрсетілетін қызмет, оның ішіне не кіретіндігі жайлы алдын ала ескертуі тиіс еді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 8-1-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасына орай, өтеулі көрсетілетін қызметтер бойынша сатушы қосымша таңған міндеттерді (навязанная дополнительная обязанность) белгілеуге тыйым салынған. Осы нормаға сәйкес, бұл қосымша таңған қызмет, сол себепті 10% заңсыз деп есептесеңіз, жоғарыда аталған заңның 25-бабына сәйкес, қызметті көрсетуші сізге бұл қызметті міндеттеген жоқ, алдын ала ескертті, жасырмады. Сіз қарсы болсаңыз – қабыл етпеуге құқығыңыз бар.
Қорытындылай келе, кафе, мейрамханада тамақтанғанда үстіне қызмет көрсету үшін 10% қосуына заңда тікелей тыйым жоқ. Сол себепті, бұл әрекетті заңды деп есептеуге негіз бар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы