9-2-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы
1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғаны туралы меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды хабардар етуді қамтамасыз етеді;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындауды қамтамасыз етеді, өтем мөлшерін айқындайды;
3) алып қойылатын жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатудың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) алып қойылатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша соттарда астана әкімдігінің мүдделерін білдіреді;
6) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің алып қойылуына байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын шығындарды өтеу төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеуді қамтамасыз етеді;
7) жер учаскелерін үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз етеді.
2. Астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 1-тармағында айқындалған мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алады.
Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 362-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы