20-1-бап. Сот сарапшысының біліктілік даярлығы Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Осы Заңның 19-бабының 5 және 6-тармақтарында аталған адамдарды қоспағанда, сот сарапшысы біліктілігін алуға ниет білдірген адам сот сарапшыларының міндетті біліктілік даярлығынан өтуге тиіс.
2. Сот сарапшыларының біліктілік даярлығын сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жұмыс істеп жүрген сот сарапшылары жүргізеді.
3. Сот сарапшыларының біліктілік даярлығынан өтуін сот сараптамасы органы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасының қатысуымен сот сараптамасы органы әзірлеп, бекіткен сот сарапшыларының біліктілік даярлығынан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес ұйымдастырады.
Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау