40-4-бап. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Резервтегі әскери адамдар резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өтеді.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) келісу бойынша басқа бос уақытта баруға міндетті.
Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.
2. Резервтегі әскери адамдар дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар жарияланған жағдайда, резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндетті.
3. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы