77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар Жол жүрісі туралы Заңы
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын немесе оның филиалдарын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер құрады және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізілген күннен бастап қызметті жүзеге асырады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының филиалы нақты тұрған жерін көрсете отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін осы Заңның талаптарына сәйкес болуға міндетті.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық түрде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) оқу үй-жайларын, оқу автоайлағын және басқару органдары сол жақта орналасқан оқу көлік құралдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының жылжымайтын және жылжымалы мүлкіне меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдері (тізімде "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
4) оқытылатын тақырыптар, сабақ кестесі және жоспарланатын оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламалары.
3. Екінші санаттағы рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган берілген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберіледі немесе уәжді бас тарту беріледі.
4. Өтініш берушінің алдағы қызметті жүзеге асыратын жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің оның осы Заңның талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы және уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуге негіз болады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын және олардың филиалдарын, оқу көлік құралдарын, өзге де жабдықтар мен техникалық құралдарды, оқытушыларды, өндірістік оқыту шеберлерін және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерін есепке алу және оқу топтарын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында "оқытушы" немесе "өндірістік оқыту шебері" не "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктері болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тасталған, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын бұрын басқарған басшының ұйым алып тасталған күннен бастап бір жыл бойы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі басқа оқу ұйымының қатысушысы болуға құқылы емес.
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда және елді мекендердің көшелерінде көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Басқару органдары оң жақта орналасқан көлік құралымен практикалық жүргізуге оқытуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы