13-1-бап. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы жұмылдыру қажеттілігіне және әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес өтеулі негізде жүргізіледі.
2. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен беріледі.
3. Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу тәртібі Қорғаныс министрлігі бекітетін әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы