Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Бастапқы әскери даярлық Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

10-бап. Бастапқы әскери даярлық Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Бастапқы әскери даярлық Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

     1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.

      Алғашқы әскери даярлықты:

      1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының әскери кафедрасында (әскери факультетінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен;

      2) офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарында әскери қызмет өткерген (әскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған азаматтарды қоспағанда), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар азаматтар жүзеге асыра алады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған азаматтардың кәсіптік дағдылары бастапқы әскери даярлық бейіні бойынша кәсіптік білімге сай келеді және олар бастапқы әскери даярлық қағидаларына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда бастапқы әскери даярлықты жүзеге асыруға құқылы.

      2. Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар әскери қызмет өткеру кезеңінде одан өтедi.

      3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібі бастапқы әскери даярлық қағидаларында айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы