Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары  бойынша әскери даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары  бойынша әскери даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары  бойынша әскери даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

     1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігіне, сондай-ақ әскери оқытылған резервті толықтыру қажеттігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау – өтеусіз және өтеулі негіздерде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеулі негізде жүргізіледі.

      1-1. Азаматтарды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Әскери-оқу практикасы әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындарының оқу-материалдық, техникалық базасы пайдаланыла отырып жүргізіледі.

      2. Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісінше "запастағы лейтенант" немесе "запастағы сержант" әскери атағы беріледі.

      3. Азаматтарды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрлігі:

      1) әскери кафедра (әскери факультет) қызметінің қағидаларын;

      2) әскери кафедрадағы (әскери факультеттегі) әскери даярлық бағдарламаларының тізбесін;

      3) әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы