22-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың салдары Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап мынадай салдар басталады:
1) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;
2) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;
3) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;
4) борышкердің өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады;
5) кредиторлардың мемлекеттік органдардан және өзге де органдар мен ұйымдардан борышкердің мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде емделу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туысын жерлеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, борышкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығуына тыйым салынады;
7) борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
8) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкерге талаптар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің шеңберінде ғана қойылуы мүмкін;
9) борышкердің мүлкіне қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуы тоқтатыла тұрады;
10) мемлекеттік органдардың, өзге де органдар мен ұйымдардың борышкер мүлікті беруге, мүліктік міндеттемелерді төлеуге немесе өзге де тәсілмен орындауға міндетті болатын шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.
11) кредитордың "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Микроқаржылық қызмет туралы" және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3), 7), 8) және 9) тармақшаларының ережелері алименттер туралы және өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарға қолданылмайды.
2. Борышкер үшінші тұлғалардың кепілдігімен, кепілгерлігімен немесе кепілімен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау кредитордың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы істің шеңберінен тыс борышкердің орындалмаған міндеттемелері бойынша кепілдік етушілерге, кепілгерлерге және кепіл берушілерге талаптар қою жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруына кедергі болмайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы