⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Оңалту және банкроттық туралы Заңы

2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Оңалту және банкроттық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Оңалту және банкроттық туралы Заңы 

      1. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін жүргізу тәртібін айқындау және борышкерді банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату арқылы борышкер мен кредитор мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады. 

      2. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеу: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық; 

      2) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезіндегі әділдік; 

      3) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарына негізделеді. 

      3. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің міндеттері: 

      1) борышкердің және кредиторлардың құқықтарын қорғау; 

      2) кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету; 

      3) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 

      4) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ. 

      Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы