46-бап. Банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алименттерді алуға құқығы бар адамдарға оларды төлеу;
2) адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туындайтын талаптар;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін түсімдер;
5) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және (немесе) сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізген қаржы басқарушысының толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төлемі болмаған жағдайда оның сыйақысы банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы