53-бап. Банкрот деп тану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы