35-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Кредитор немесе уәкілетті орган:
1) борышкер қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
2) борышкер осы Заңның 7-бабында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайларда, сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтінішхат жасайды.
2. Сот кредитордың немесе уәкілетті органның өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату туралы шешім шығарады.
3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін тоқтатуға алып келмейді.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы