Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Банкроттық және оңалту рәсімдері шеңберінде дауларды қарау

Банкроттық және оңалту рәсімдері шеңберінде дауларды қарау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Банкроттық және оңалту рәсімдері шеңберінде дауларды қарау

 

1. Азаматтық кодексте мәмілені жарамсыз деп тану үшін екі тараптың да жосықсыздығы көзделген, бірақ бұл ретте адал сатып алушы ұғымына жол берілген.

Заңға сәйкес сатып алушының адалдығы маңызды емес.

Бұл мән-жай НҚ-да түсіндіруді талап етеді.

 

2. Субсидиарлық жауапкершілік туралы даулар бойынша сұрақтар туындайды.

Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес борышкер:

  • оның мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), заңды тұлғаның құрылтай құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
  • әкімші тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді беруге;

- уақытша басқарушыға борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;

- қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына уақытша басқарушының қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес  осы баптың 2-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін борышкердің мүлкі кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде, міндеттеріне осы баптың 2-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау кіретін лауазымды адам банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша орындалмай қалған, банкроттың кредиторлар алдындағы міндеттемелері мөлшерінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субсидиарлық жауаптылықта болады.

Көптеген жағдайда лауазымды адамдарды (басшыларды) субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы банкроттықты басқарушылар талаптарының негізі лауазымды адамдардың Заңның 11-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарды орындамауы болып табылады.

Судьялардың осы норманың 8) тармақшасын қолдану жөніндегі екіұшты ұстанымын атап өткен жөн.

Кейбіреулер борышкердің лауазымды адамдары аталған міндеттерді орындамаған жағдайда субсидиарлық жауаптылыққа тартылады деп санайды, ал басқалары міндеттерді уақтылы орындамауды (заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып, құжаттарды уақтылы бермеу) жеткілікті деп санайды.

Борышкер тарапынан құжаттаманы уақытша басқарушыға беру мерзімдерін бұзудың дәлелді себептері болған кезде Заңның көрсетілген нормасы бойынша банкроттыққа тікелей бастамашы болған борышкерлерді және үшінші тұлғалардың өтініштері бойынша банкрот деп танылған борышкерлерді субсидиарлық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін саралау қажет.

Кәсіпорын жеке тұлғаға ресми түрде ресімделген және соңғысында құрылтай құжаттары, мөрлер (олар болған кезде) және т.б. болмаған жағдайлар бар, осыған байланысты мұндай тұлғаның субсидиарлық жауаптылыққа тартылуы туралы даулы мәселе ұсынылады.

 

Сот практикасының мысалдары

1) Түркістан облысы МАЭС-нің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен «Караван-БР» ЖШС  банкроттық басқарушысының                                 Б.Р. Жұмағұловты (ЖШС басшысы және жалғыз құрылтайшысы) субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Істің мән-жайлары бойынша ЖШС соттың 2021 жылғы 24 ақпандағы шешімімен банкрот деп танылды; салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша 152 620 948 теңге мөлшерінде кредиторлық берешегі бар.

2021 жылғы 3 қыркүйекте Б. Жұмағұлов банкроттық басқарушыға құжаттардың бір бөлігін - салықтық тексеру актісінің көшірмесін, шот-фактураларды, орындалған жұмыстар актілерін, 2019 жылғы шарттарды, ЖШС мөрін тапсырды.

Сот жауапкердің пневмониямен ауыруына және 2021 жылғы мамыр - тамыз аралығында стационарлық емдеуде болуына байланысты құжаттаманы беру жөніндегі міндетті орындамауының себептерін дәлелдей отырып, талап қоюдан бас тартты.

2021 жылғы 30 қарашадағы апелляциялық қаулымен сот шешімнің күші  жойылып, талап қою  қанағаттандырылды.

Негіз:

Жауапкер уақытша басқарушының 2021 жылғы 8 қаңтардағы                          

қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат беру туралы хатын, бұл туралы соттың 2021 жылғы 25 қаңтардағы тапсырмасын орындамады.

Құрылтай және қаржы құжаттары, сондай-ақ ЖШС мөрі банкроттықты басқарушыға алты ай өткеннен кейін ғана берілді. Жауапкер стационарлық емделуде болғандығы туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.

2) Қарағанды облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 4 маусымдағы шешімімен «Снаб Трейд Compani» ЖШС банкроттық басқарушысының А.Н. Шарафутдиновке 7 671 450 теңге мөлшерінде субсидиарлық жауаптылыққа тарту және соманы өндіріп алу туралы талап қоюы  қанағаттандырылды.

Сот «Снаб Трейд Compani» ЖШС «ЦентрКазЭнергомонтаж» АҚ-ның өтініші  бойынша 2019 жылғы 13 желтоқсандағы сот шешімімен банкрот деп танылғанын негізге алды, тиісінше А.Н.Шарафутдинов 2019 жылғы 27 желтоқсандағы редакциядағы Заңның 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын бұзуға (алты ай ішінде сотқа жүгінбеу)  жол берді.

2020 жылғы 5 тамыздағы апелляциялық қаулымен шешімнің күші  жойылып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Негіз:

2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңмен жоғарыда аталған норма алынып тасталды, өзгерістер 2020 жылғы 8 қаңтардан бастап күшіне енді және олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Соттың 2019 жылғы 13 желтоқсандағы шешімінде оның дереу орындалуы туралы қорытынды болмағандықтан, оның заңды күшіне ену күні - 2020 жылғы 21 қаңтар маңызды мәнге ие.

«Снаб Трейд Compani» ЖШС-ның «ЦентрКазЭнергомонтаж» АҚ алдындағы берешегі қалыптасқан кезде банкроттық туралы заңда борышкерді банкрот деп тану туралы қандай да бір мерзімде сотқа жүгінбегені үшін субсидиарлық жауаптылық көзделмеген.

 

3) Қостанай облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 3 маусымдағы ұйғарымымен «Иргиз» ЖШС-ның оңалту басқарушысының оңалту рәсімін алты ай мерзімге ұзарту туралы өтініші  қанағаттандырылды.

Апелляциялық алқаның 2020 жылғы 9 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымыныңі күші жойылды.

Заңның 64-бабына сәйкес сот оңалтуды басқарушының өтініші  бойынша кредиторлар жиналысының келісімімен оңалту мерзімін бір рет, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

Сонымен қатар ЖШС-ны оңалту рәсімі 2013 жылғы 10 сәуірден бастап жалғасып келе жатқаны және соттың 2019 жылғы 25 қазандағы ұйғарымымен бұрын алты ай мерзімге ұзартылғаны анықталды. 

Бұддан басқа ұзарту туралы өтініш оңалту мерзімі аяқталғаннан кейін берілді. Жоғарыда көрсетілген нормаға байланысты өтініш осындай мерзім аяқталғанға дейін жиырма жұмыс күні бұрын берілуі керек еді.

Апелляция төтенше жағдай режимінің енгізілуін мерзімді өткізіп алудың дәлелді себебі деп танымады.

Сонымен қатар өтінішті қарау кезінде сот уәкілетті органның өкілін тартқан жоқ.

4) Қарағанды облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен «Қарағанды жөндеу-құрылыс зауыты» ЖШС-ның (бұдан әрі – «КРМЗ» ЖШС) оңалтушы басқарушысы А.К.Тілегенованың «Автотехинсервис» ЖШС-ға келісім негізінде жасалған шарттарға сілтеме жасай отырып, талап ету құқығын беру туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды, өйткені ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы, ұзақ мерзімді әріптестік құқықтық қатынастар салыстыру актілерімен расталады.

Апелляциялық алқаның 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылып, шешімнің күші  жойылды, 5 шарт жарамсыз деп танылды.

Негіз:

Сот «КРМЗ» ЖШС тарапынан шарттарға серіктестік директоры А.Ф. Дербенцев қол қойғанын анықтады, қазір «Автотехинсервис» ЖШС директоры қызметін атқарады. Соңғысының бухгалтері - Г.М.Кондратенко бұрын осындай лауазымды атқарған және «КРМЗ» ЖШС-ның оңалту рәсімі процесінде басқару құқығына ие болған. Аталған тұлғалар бюджет алдындағы берешектің бар екенін анық  білген.

 

5) Алматы облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 20 тамыздағы шешімімен В.А. Уфимцевтің «Дала» ЖШС-ның уақытша әкімшісінің әрекеттеріне шағымдану туралы өтініші  ішінара қанағаттандырылды. Борышкерді оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитеті шешім қабылдаған кезде кредитор В.А. Уфимцевтің дауыс беру құқығынан айыру бөлігінде оның әрекеттері заңсыз деп танылды. Жиналыс хаттамасы жарамсыз деп танылды.

Апелляцияның 2020 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен шешімнің күші жойылды, іс сол сотқа өзге құрамда жаңа қарауға жіберілді.

Негіз:

Дау айтылған хаттама олардың пікірлері мен дауыстары негізінде қабылданғанына қарамастан, кредиторлар жиналысына қатысушылар іске қатысуға тартылмаған. Осылайша, сот оларды сот арқылы қорғау құқығынан айырған, бұл сот шешімінің күшін жою үшін, сөзсіз, негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Банкроттық рәсімі туралы даулар, банкроттық рәсімін өткізу мерзімін ұзарту үшін негіздердің бірі өткізілмеген мүліктің болуы болып табылады

Банкроттық рәсімі туралы даулар, банкроттық рәсімін өткізу мерзімін ұзарту үшін негіздердің бірі өткізілмеген мүліктің болуы болып табылады"ОФС" жауапкершілігі шектеулі серікт...

Толық оқу »

18-1-бап. Банкроттық және оңалту рәсімінде өндірістік кооператив iстерiн басқару Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

18-1-бап. Банкроттық және оңалту рәсімінде өндірістік кооператив iстерiн басқару Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы...

Толық оқу »

8-бап. Кредиторлардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

8-бап. Кредиторлардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктеріҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қаб...

Толық оқу »

35-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

35-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтатуҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкро...

Толық оқу »

47-бап. Банкроттық рәсімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

47-бап. Банкроттық рәсімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеуЖылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы      1. Құ...

Толық оқу »

22-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың салдары Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

22-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың салдарыҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін...

Толық оқу »

37-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімінің мерзімі Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

37-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімінің мерзіміҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы      1. Сот арқылы банкро...

Толық оқу »

4-бап. Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану қағидаттары Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

4-бап. Азаматтарға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану қағидаттарыҚазақстан Республикасы азаматтарыны...

Толық оқу »

55-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

55-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешім шығарға...

Толық оқу »

6-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

6-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздеріҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қа...

Толық оқу »

7-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

7-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктеріҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілет...

Толық оқу »

5-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздер Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

5-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздерҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы За...

Толық оқу »

10-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

10-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылауҚазақстан Республикасы азаматтарының тө...

Толық оқу »

13-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріне қатысушылардың өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

13-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріне қатысушылардың өзара іс-қимылыҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабі...

Толық оқу »

16-бап. Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

16-бап. Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызыҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы   ...

Толық оқу »

17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

17-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы      1. Уәкілетті органның...

Толық оқу »

18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

18-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтатуҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы      1. Соттан тыс банкротт...

Толық оқу »

Кассациялық практика банкрот деп тану әне оңалту рәсімін қолдану туралы істерінде

Кассациялық практика банкрот деп тану әне оңалту рәсімін қолдану туралы істеріндеСоттардың осы санаттағы істерді дұрыс қарауы Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуына тіке...

Толық оқу »

46-бап. Банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

46-бап. Банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелеріҚазақстан Республикасы азам...

Толық оқу »

20-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

20-бап. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызыҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қал...

Толық оқу »

21-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

21-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабі...

Толық оқу »

19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босатуҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы...

Толық оқу »

355-1-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді қарау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

355-1-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерд...

Толық оқу »

23-бап. Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

23-бап. Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктеріҚазақстан Республикасы азаматтарының төл...

Толық оқу »

36-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

36-бап. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы      1. Сот ар...

Толық оқу »

47-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет- ресурсында және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастыру Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

47-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның и...

Толық оқу »

Банкроттық немесе оңалту рәсімін қозғағаннан кейін талап қою мерзімін қолдану

Банкроттық немесе оңалту рәсімін қозғағаннан кейін талап қою мерзімін қолдану1.Сот практикасында банкроттық немесе оңалту рәсімін қозғағаннан кейін талап қою мерзімін қолдану...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғар...

Толық оқу »

2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Оңалту және банкроттық туралы Заңы

2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттарыОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту...

Толық оқу »

83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту Оңалту және банкроттық туралы Заңы

83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өтуОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту соттың оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді б...

Толық оқу »

Банкрот деп тану

Банкрот деп тану📘 ҚР Азаматтық кодексінің 53-бабы: БАНКРОТТЫ ТАНУ🔹 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР АК-нің 53-бабы банкрот деп танудың екі процессуалдық тәртібін белгілейді — ерікті (бо...

Толық оқу »