3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтары шектеулерге жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жыл сайынғы баяндамасында көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап алуға жатпайды.
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз қызметін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына кепілдік беріледі.
6. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы мекемелер мен басқа да объектілерге кедергісіз баруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барған уақытында өткізу және объектішілік режимдердің белгіленген талаптарын сақтайды.
7. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы