Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық соттың нормативтік қаулылары / Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:      "ҚІЖК-нің" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөздермен ауыстырылды;      "109" деген цифрлар "106" деген цифрлармен ауыстырылды;       "процессуалдық" деген сөздер "процестік" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның жеке бас бостандығына, жеке өмiріне қол сұқпаушылықты, жеке және отбасылық құпияны, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарламалардың құпиясын қамтамасыз ететін конституциялық нормалар мен заңдарды дұрыс әрі біркелкі қолдану, сондай-ақ оларды соттың қорғауының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

  1. Соттар сот істерін тікелей қараумен қатар, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз, негізсіз шектеуден қорғау, оларды қалпына келтіруге бағытталып заңмен қарастырылған шараларды уақытында қабылдау, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеу жөнінде сот билігінің функцияларын іске асыруға тиіс екеніне соттардың назары аударылсын.

       Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында соттың қорғауы күзетпен қамауда ұстау, үйқамаққа алу, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына, лауазымнан уақытша шеттету және жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шараларына санкция беру кезінде, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 106-бабында, 106-бабының 109-бабының екінші бөлігінде көзделген әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау кезінде жүзеге асырылады.

      Істі сотта қарауға дайындау және басты сот талқылауы барысында соттың қорғауы қылмыстық қудалау органдары жүзеге асырған іс жүргізудің заңдылығын, олардың іске қатысушы адамдардың процестік құқықтарын кепілдендіретін заң талаптарын сақтауын тексеру жолымен жүзеге асырылады.

       Үкімдерді, сот қаулыларын орындау сатысында сот бақылауы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 27-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Соттар ҚПК-нің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдері: қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы кезінде тергеп-тексеру мерзімдерінің үзілгені, қылмыстық істің тоқтатылғаны, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылғаны туралы арызды қабылдаудан бас тартуы сотта шағымдануға жататынын назарда ұстағандары жөн.

      Істі сотта қарауға дайындау немесе басты сот талқылауы сатысына дейін заңдылығын тексеруді кейінге қалдыру адамның және азаматтың нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді қиындататын және оларды қалпына келтіру мүмкін болмайтын өзге әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдерге, мысалы, қылмыстық қудалау органдарының қорғаушыны тағайындаудан бас тартуы туралы, заңды өкілді қатыстырудан бас тартуы туралы, сезіктіге, айыпталушыға процестік бұлтартпау шараларын (тергеу судьясы санкциялағандарды қоспағанда) таңдау және қолдану туралы қаулысын, адамды жәбірленуші деп танудан бас тартуды, қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хабарламаларды тексеру кезіндегі әрекетсіздікті және басқаларды жатқызуға болады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  1. ҚПК-нің 106-бабының және "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XII Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заң) 5-бабының 2-тармағының тәртібінде, егер жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға байланысты шешімдер мен әрекеттер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысты болса, оларға шағымды тікелей сотқа беруге болады.

      Ескерту. 3-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. ҚПК-нің 100 және 106-баптарына сәйкес, анықтаушының, анықтау органының, анықтау органы бастығының, тергеушінің, тергеу бөлімі бастығының, прокурордың процестік шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар не өзге де адамдар немесе ұйымдар жүргізіліп жатқан процестік әрекеттер мен қабылданып жатқан процестік шешімдер олардың заңды мүдделерін қозғайтын бөлікте бере алады, арыз берушінің мүддесінде әрекет жасап жүрген қорғаушы, заңды өкіл немесе өкіл бере алады.

      Шағымның берілуіне байланысты сотқа дейін іс жүргізуге қатыспаған, бірақ арыз беруші шағым беруге және (немесе) оны қарауға қатысуға өкілеттік берген адам да арыз берушінің өкілі бола алады.

       Заңда белгіленген тәртіппен процеске қатысушылар деп танылмады деген негізбен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) сотқа шағымдану құқығын шектеуге жол беруге болмайды. Адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясымен (бұдан әрі – Конституция) кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету тиісті құқықтың қамтамасыз етілуін қажетсінетін адамның нақтылы жағдайынан (мысалы, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызын тіркеуден бас тартылған адам; тінту (алу) кезінде мүлкі алынған немесе бүлінген адам; жәбірленуші деп негізсіз танылмаған қылмыстан зардап шеккен адам және т.б.) туындауға тиіс.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. ҚПК-нің 106-бабының мағынасы бойынша, прокурордың, тергеу, анықтау органдарының шешімдері мен әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығы мен негізділігін тексеру кезінде тергеу судьясы кейін басты сот талқылауының нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс. Атап айтқанда, тергеу судьясы істің нақтылы мән-жайлары, дәлелдемелерге баға беру және әрекетті саралау туралы тұжырымдар жасауға құқылы емес.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).      6. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).      7. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).      8. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).      9. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.01.2020 № 2 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің бірыңғай тәртібі белгіленген, сонымен бірге соттар "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Конституциялық заңда, "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VI Заңда көрсетілген ережелердің судьяларға, Парламент депутаттығына, Парламент депутаттығына үміткерлерге, Президенттікке үміткерлерге, Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелеріне, Бас прокурорға қатысты тергеу, процестік әрекеттер жүргізу кезінде сақталуы міндетті кейбір ерекшеліктерді қарастыратынын соттар ескеруге тиіс.

      Артықшылықтары бар адам қылмыс жасалған жерде ұсталмаса, оны онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарды жасағаны үшін  қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу кезінде, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін келісім алу қажет.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес, қол сұғылмаушылығы Конституциямен баянды етілген, қылмыстық қудалау органдары тиісті мемлекеттік ұйымдардың келісімін бұдан бұрын оған қатысты талап етпеген тұлғаның әрекеті ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстан жеңілдеу қылмысқа қарай сараланып өзгерген кезде, тұтқынға алынатын және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жағдайда қол сұғылмаушылықтан айыру тәртібі туралы ережелерді сақтаудың міндетті екеніне соттардың назар аударғандары жөн.

      Осыған байланысты қылмыстық қудалау органы ауыр және (немесе) ерекше ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықты қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша оның әрекетін қате саралаудың нәтижесінде мемлекеттік органдардың келісімінсіз не қылмыстық заң нормаларының бәсекелестік қағидасы ескерілместен онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғанын анықтап, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін келісім алу қажеттілігі туралы тиісті ұсынысты Қазақстан Республикасының Бас прокурорына енгізуге міндетті. Егер осы мән-жайлар істі сотта қарауға дайындау немесе басты сот талқылауы барысында анықталса, онда сот істі прокурорға қайтарады.

  1. Судьялардың тұрғын, қызметтік үй-жайларын, олардың пайдалануындағы жеке және қызметтік көлік құралдарын, олардың хат-хабарларын, банк шоттарын, багажын және өзге де мүлкін тінту, құжаттары мен заттарын алу, мүлкіне және почта-телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу, хабарламаларын ұстап алу, сөйлесулерін тыңдау және жазып алу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін.

       "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 11-бабының 3-бөлігінде көрсетілген арнайы жедел-іздестіру шаралары облыс (қала) прокурорының және жоғары тұрған прокурорлардың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 12-бабының 7-тармағының арнайы жедел-іздестіру шараларының прокурордың санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін екендігі туралы ережесін судьяларға қатысты қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.30 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  1. Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде соттар ҚПК-нің 41-тарауында көрсетілген нормаларды негізге ала отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу, процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу барысында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуына жол берілген-берілмегенін тексерулері қажет және олар анықталған жағдайда ҚПК-нің 323-бабына сәйкес және ҚПК-нің 321-бабымен қарастырылған тәртіппен істі оларды жою үшін прокурорға қайтарады.

      Судья басты сот талқылауына дайындалу барысында іс материалдарын зерделеу кезінде тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында олардың құқықтарының заңсыз шектелгені туралы арыздарының не өтініштерінің болған-болмағанын, олардың тиісті түрде шешілген-шешілмегенін, істе тиісті материалдардың бар-жоғын анықтап, материалдар жоқ болса оларды сотқа ұсынуды прокурорға міндеттегені жөн.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Судья түскен іс бойынша қылмыстық қудалау органының сотталушының асырауындағы кәмелетке толмаған балаларды, өзге де еңбекке жарамсыз адамдарды қорғау, оларды күту, күнкөріс қаражатымен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдаған-қабылдамағанын, сондай-ақ оны күзетпен қамауда ұстаудың нәтижесінде қамқорлықсыз әрі қараусыз қалған оған тиесілі мүлік пен жануарлардың қарауға берілуін тексеруі тиіс.

       Егер мұндай шаралар қабылданбаса, сот сотталушының немесе қорғаушының арыздары болған жағдайда істі алдын ала тыңдау барысында ҚПК-нің 154-бабының негізінде тиісті адамдарға немесе органдарға қажетті шараларды қабылдау жөнінде міндет жүктеу туралы қаулы шығаруға тиіс.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Соттар дәлелдемелерге баға беру кезінде куәландыру мен адамның жеке басын тінту кезінде Конституцияның 16 және 17-баптарымен белгіленген әркімнің бостандығы мен жеке басына тиіспеушілік құқығы қозғалатынын ескерулері қажет, сондықтан аталған әрекеттерді жасау үшін ҚПК-нің 223 және 252-баптарымен қарастырылған негіздемелердің, қажетті жағдайларда тергеу судьясы санкциялаған әрекеттерді жасау туралы дәлелді қаулының бар-жоғын, әрекеттерді жасау кезінде заң талаптарының сақталуын әрбір нақты жағдайда тексергендері жөн.

       Соттар тергеу судьясының сакциясымен жүргізілетін жеке басты тексеруді, ҚПК-нің 255-бабының үшінші бөлігімен көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясынсыз шолып қарау нысанында жүргізілетін адамдарды тексеруден ара-жігін шектей білулері қажет.

       Бұл ретте ҚПК-нің 128 және 131-баптарында көзделген тәртіппен қылмыс жасауға күдікті адам ұсталған кезде ҚПК-нің 255-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасына және 132-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органдары тергеу судьясының санкциясынсыз оның жеке басын тінтуді жүргізуге құқылы.

       Сонымен бірге "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, жалпы жүргізілетін жедел-іздестіру шарасының шеңберінде жедел-іздестіру қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орган тергеу судьясының санкциясынсыз, бірақ куәгерлердің міндетті түрде қатысуымен ұсталған адамды тексеруді, қылмыстық әрекетке қатысы болуы мүмкін оның заттары мен құжаттарын тексеруді және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  1. Тұрғын үйге кірудің, оны қараудың және онда тінту жүргізудің заңдылығын бағалау кезінде соттар Конституцияның 25-бабының және ҚПК-нің 17-бабының тұрғын үйге қол сұғылмайтыны туралы нормаларын басшылыққа алуға тиіс, сондықтан жоғарыда көрсетілген әрекеттер тек заңмен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте ғана жүргізіледі. ҚПК-нің 197, 198, 199, 219, 220, 224, 252, 254 және 256-баптарымен қарастырылған осындай әрекеттерді жүргізудің іс жүргізу тәртібін мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігі тек заң талаптарын орындау ретінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйге қол сұқпаушылықты, жеке өмірді, жеке және отбасылық құпияны қорғаудың заңмен кепілдендірілген тетігі деп қарастыру қажет.

      Тұрғын үйді қарау және тінту оларды жүргізуге онда тұратын адамдардың келісімі болмаған жағдайда, тергеушінің тергеу судьяның санкциясы берілген дәлелді қаулысы бойынша жүргізіледі.

       Тұрғын үй-жайды қарау онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісімі болған жағдайда ҚПК-нің 219 және 220-баптарына сәйкес жүргізіледі.

       ҚПК-нің 220-бабының он төртінші бөлігіне сәйкес, егер тұрғын үй-жайы оқиға болған орын болып табылса және оны қарап-тексеруді кейінге қалдыру мүмкін болмаса, тұрғын үй-жайды қарап-тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның қаулысы бойынша, бірақ кейіннен материалдарды тергеу судьясына тәуліктік мерзімде жібере отырып жүргізілуі мүмкін.

      Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.

      Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды екендігі немесе заңды еместігі туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі.

      Егер жүргізілген қарап-тексерудің заңды еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда, оның нәтижелері іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберілуі мүмкін емес.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Азаматтың жеке өміріне, тұрғын үйіне, хат жазысуына, телефон арқылы сөйлесуіне, почта, телеграф және өзге де хабарламаларына қол сұғылмаушылық құқығы шектеуге заңда (Конституцияның 18-бабының 1 және 2-тармақтары, 25-бабының 1-тармағы және 39-бабы) тікелей көрсетілген жағдайларда және тәртіпте ғана жол берілетіндіктен, азаматтардың аталған конституциялық құқықтарын шектейтін жедел-іздестіру шараларын жүргізу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 12-бабында көрсетілген жағдайлар сақталғанда ғана жүргізілуі мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүргізу құқығы берілген органдардың тізбесі аталған Заңның 6-бабында көрсетілген.

       Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижелері олар ҚПК-нің "Жасырын тергеу әрекеттері" деп аталатын 30-тарауында көзделген тәртіппен істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

       Сөйлесулерді және әңгімелерді жасырын тыңдау мен жазу жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу ҚПК-нің 30-тарауында қарастырылған негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Егер жедел-іздестіру шаралары заңда белгіленген тәртіп бұзыла отырып жүргізілсе не оларды жүргізуге құқық берілмеген органдар жүргізсе, олардың нәтижесінде алынған барлық материалдар күші жоқ дәлелдемелер деп танылуға жатады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Қарау, тінту, алу, іс бойынша іс жүргізуге байланысты жедел-іздестіру шаралары мен өзге де шараларды өткізу кезінде адамдардың жеке өмірінің мән-жайларының құпиялылығы мен жария етілмеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қабылданған-қабылданбағанын соттардың тексергендері дұрыс. Жоғарыда көрсетілген құқықтарды қорғау бойынша Конституция талаптарының орындалмауына байланысты жолсыздықтар анықталған кезде, соттар оларды қорғау жөнінде заңмен қарастырылған шараларды қабылдаумен қатар, тиісті шаралар қабылдау үшін жеке қаулылар шығаруға тиіс.
  2. Жоғары тұрған сот сатылары сот актілеріне шағымдарды, өтініштерді қарау кезінде, оларда келтірілген дәлелдерді тексерумен қатар, қылмыстық процестің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын өз бетімен шектеуге тыйым салатын талаптарының сотқа дейінгі және сот сатыларында сақталуына тиісті назар аударулары қажет.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  1. Конституцияның 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сотының ТөрағасыМ. Әлімбеков
Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сотының судьясы, 
жалпы отырыс хатшысыЖ. Бәйішев

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 1...

Толық оқу »

572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес қаты...

Толық оқу »

278-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК экологиялық ықтимал қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды бұзу

278-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК экологиялық ықтимал қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру және пайдалану кез...

Толық оқу »

2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмысты...

Толық оқу »

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4 Нормативтік қаулысы. Сотт...

Толық оқу »

176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын тұлғалардың шеккен шығыстарын өтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын тұлғалардың шеккен шығыстарын өтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық сот ісін жүргізу т...

Толық оқу »

272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1....

Толық оқу »

274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР ҚПК Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

625-бап. Келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

625-бап. Келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Төрағалық етуші сот отырысында қарсы...

Толық оқу »

629-4-бап. Бұйрықтық іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-4-бап. Бұйрықтық іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья іс сотқа бұйрықтық іс жүргізуді...

Толық оқу »

624-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін келісу ісін жүргізуде істі қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар

624-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін келісу ісін жүргізуде істі қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдарКелісу ісін жүргізу кезін...

Толық оқу »

626-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексін келісу ісіндегі сот шешімдері

626-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексін келісу ісіндегі сот шешімдеріКелісу ісінде процестік келісімді қарау қорытындылары бойынша сот мы...

Толық оқу »

625-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексін келісу ісіндегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері

625-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексін келісу ісіндегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдеріСот отырысында қарсылық білдірулер мен өті...

Толық оқу »

627-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің келісу ісінде қаралған іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұны

627-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің келісу ісінде қаралған іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұныКелісу ісінде қаралған іс б...

Толық оқу »

Комментарии к статье 94. отставка от участия в производстве по уголовному делу защиты, предъявителя потерпевшего (частичного обвинителя), гражданского истца или гражданского ответчика Угловно-процессуального кодекса Республики Казахстан

94-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің Қылмыстық қорғау дел бойынша іс жүргізуге қатысудан, жәбірленушінің (ішінара айыптаушының), азам...

Толық оқу »

671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кеңесу бөлмесінде сот: 1) өтінішхатты қанағаттандыру және мү...

Толық оқу »

670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тәркілеу туралы өтінішхатты қ...

Толық оқу »

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау,...

Толық оқу »

186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Респу...

Толық оқу »

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемл...

Толық оқу »

278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган с...

Толық оқу »

147-бап. Клондау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

147-бап. Клондау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей...

Толық оқу »

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралы адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойынша

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралыадамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойыншаАлматы облысы Іле ауданы...

Толық оқу »

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi  4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫҢ IШIНДЕ ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ Ветеринария туралы Заңы

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫ...

Толық оқу »

Адам құқықтары мен бостандықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ете отырып адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік

Адам құқықтары мен бостандықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ете отырып адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікҚазақстан Республикасы заңдарының және адам саудасына байланыс...

Толық оқу »

5-бап. Цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

5-бап. Цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі      1. Адамның цифрлық ортадағы құқықтары, боста...

Толық оқу »

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылғанЖамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 8 қарашад...

Толық оқу »

5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы

5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заң...

Толық оқу »

118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету – екi жүз айлық...

Толық оқу »

551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодек...

Толық оқу »

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Трансплантациялау не өзгедей пайдалану ү...

Толық оқу »

1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Консти...

Толық оқу »

Қызметкерлерге жалақы мен заңнамада белгіленген өзге де төлемдерді төлемеу адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтарына қол сұғушылық болып табылады

Қызметкерлерге жалақы мен заңнамада белгіленген өзге де төлемдерді төлемеу адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтарына қол сұғушылық болып табыладыТалапкер М.сотқа "...

Толық оқу »

6-бап. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

6-бап. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі      1. Цифрлық технологияларды қолд...

Толық оқу »

19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі...

Толық оқу »

17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегiадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегiадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiҚазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заң...

Толық оқу »

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс, бұзақылық ниетпен өлтіру және жеке жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде жасалған, жанжал немесе төбелес кезінде жасалған кісі өлтіру

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс, бұзақылық ниетпен өлтіру және жеке жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде жасалған, жанжал немесе төбелес кезінде жасалған кісі өлті...

Толық оқу »

31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау Ветеринария туралы Заңы

31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау Ветеринария туралы Заңы      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, п...

Толық оқу »

219-бап. Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

219-бап. Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының Халық денсаулы...

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқару

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқаруАлматы облысы Текелі қалалық сотының 2020 жылғы 20 мамырдағы үкімімен К.көлік құралының м...

Толық оқу »

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Транспланттау не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң ағзала...

Толық оқу »

132-бап. Адамның өміріне және (немесе) денсаулығына экологиялық зиян Қазақстан Республикасының Экология кодексі

132-бап. Адамның өміріне және (немесе) денсаулығына экологиялық зиян Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Жеке тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына жағымсыз...

Толық оқу »

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсе...

Толық оқу »

32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу  Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алуТамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адам өмірі мен д...

Толық оқу »

Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.

Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті...

Толық оқу »

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостанд...

Толық оқу »

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы адамның тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсерінің алдын алуға анықтауға және жолын кесуге және оның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған құқықтық нормалар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы адамның тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсерінің алдын алуға анықтауға және жолын кесуге және оның өмір сүруіне қ...

Толық оқу »

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққанАлматы облысы Талғар аудандық сотының 201...

Толық оқу »

7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауC...

Толық оқу »

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Эксгумациялаудан және одан кейiнгi процестік әрекеттерден...

Толық оқу »

222-бап. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

222-бап. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамның мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан қарап-тексеру оның жалпы қағи...

Толық оқу »

84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республ...

Толық оқу »

Адамды қанау, адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу

Адамды қанау, адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеуҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3-бабы 1-тармағы Адам са...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы...

Толық оқу »

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылға...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық за...

Толық оқу »

113-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам ағзаларын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою

113-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам ағзаларын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою 1. Транспланттау не өзге д...

Толық оқу »

Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты залалсыздандыру (зарарсыздандыру) қайта өңдеу туралы нұсқама беруге мәжбүрлеу

Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты залалсыздандыру (зарарсыздандыру) қайта өңдеу туралы нұсқама беруг...

Толық оқу »

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру 1. Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне қасақан...

Толық оқу »