Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы 

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бес жыл мерзімге лауазымға сайлайды.

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайланатын адам мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болуы және соңғы он жылда оның аумағында тұрақты тұруы;

      2) жоғары білімі болуы;

      3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы;

      4) отыз жастан кіші болмауы;

      5) мемлекеттік тілді еркін білуі;

      6) әрекетке қабілетті болуы.

      3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кіріскен кезде мынадай мазмұнда ант береді:

      "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кірісе отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа ала отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын адал әрі абыроймен қорғауға, сондай-ақ өз міндеттерімді әділдікпен және ар-ожданмен атқаруға салтанатты түрде ант етемін. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүддесі үшін тәуелсіз, бейтарап, объективті әрекет етуге міндеттенемін.". 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы