Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету –

      екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2 Өзiнде АИТВ бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы –

      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет –

      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ жұқтыру қаупіне душар болған не оны жұқтырған басқа адам біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескертілген және жұқтыру қаупін туындатқан әрекеттерді жасауға өз еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру 1. Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне қасақан...

Толық оқу »