Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы

Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 992.

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық" мемлекеттiк мекемесi құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Алып тасталды – ҚР Президентінің 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2002 жылғы 10 желтоқсандағы№ 992 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралыЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі ̶ Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің (бұдан әрі - Уәкіл) қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме және оның жұмыс органы болып табылады.

      2. Ұлттық орталықтың облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өкілдіктері болады.

      3. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      4. Ұлттық орталық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі мен бланкілері, сондай-ақ банк мекемелерінде тиісті шоттары болады.

      Ұлттық орталық өкілдіктерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген бланкілері болады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      5. Ұлттық орталық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық орталыққа уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Ұлттық орталық заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Ұлттық орталық басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Ұлттық орталықтың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      10. Осы Ереже Ұлттық орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ұлттық орталықтың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ұлттық орталықтың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Ұлттық орталықтың кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерде Ұлттық орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің міндеттеріне Уәкілдің адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және ілгерілету жөніндегі қызметін қамтамасыз ету жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      14. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Уәкілдің қызметіне байланысты құжаттарды, материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан сұрату және алу;

      азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып қабылдауды (бірлескен қабылдауларды) ұйымдастыру;

      Уәкілдің және оның өкілдерінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Ұлттық орталықтың немесе оның өкілдіктерінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау;

      2) міндеттері:

      Уәкілдің және оның өкілдерінің адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсынымдарының, өтінішхаттары мен ұсыныстарының жобаларын дайындау және оларды мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына және ұйымдарға, лауазымды адамдарға жіберуді ұйымдастыру;

      Уәкіл мен оның өкілінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған ұйымдар мен мекемелерге баруын қамтамасыз ету;

      Уәкілдің азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін үйлестіру, олардың қажетті әлеуеті мен кәсіби білімін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету;

      Уәкілдің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласында құқықтық ағартуға жәрдемдесу, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен және мамандармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Уәкілдің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктер.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      15. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін Уәкілдің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеу, заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау;

      2) Уәкілдің өз қызметі туралы жыл сайынғы баяндамасының жобасын, сондай-ақ арнаулы баяндамаларды дайындау және оларды тарату;

      3) Уәкіл мен оның өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысатын өзге де іс-шараларға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар немесе астана мәслихаттары сессияларының жалпы отырыстарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, мемлекеттік органдарда құрылатын алқалы мемлекеттік және өзге де органдардың отырыстарына қатысуын ұйымдастыру;

      4) Уәкілдің Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға ұсынуы үшін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасына және оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;

      5) Уәкілдің уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру туралы өтінішхаттарын дайындау;

      6) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына енгізу үшін Уәкілдің ұсыныстарын дайындау;

      7) Уәкілдің атынан ұлттық алдын алу тетігінің басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;

      8) Уәкілдің және оның өкілдерінің атынан және олардың тапсырмасы бойынша азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен, мемлекеттік органдармен, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      9) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау нәтижелері бойынша ұсыныстарды дайындау және Уәкілге және оның өкілдеріне енгізу;

      10) Уәкілдің және Ұлттық орталық басшысының актілері негізінде өзге де функциялар.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

3-тарау. Ұлттық орталық басшысының және Уәкіл өкілдерінің мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Ұлттық орталықты басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Ұлттық орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Ұлттық орталықтың өкілдігін басқаруды Уәкілдің өкілі жүзеге асырады, ол Ұлттық орталықтың өкілдігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      Ұлттық орталықтың басшысы және Уәкілдің өкілдері болмаған кезеңде олардың өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға және Уәкілдің актілеріне сәйкес оларды алмастыратын адамдар жүзеге асырады.

      17. Ұлттық орталықтың басшысын және оның орынбасарларын Уәкіл лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      18. Ұлттық орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Уәкілдің келісімі бойынша өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      19. Ұлттық орталық басшысының өкілеттіктері:

      1) Ұлттық орталықтың жұмысын басқаруды және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Ұлттық орталық өкілдіктерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) актілердің жобаларын:

      шағымдарды қарау қағидаларын;

      Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

      Уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені;

      ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын;

      алдын алу тұрғысынан бару үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтарды жасақтау қағидаларын;

      алдын алу тұрғысынан бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

      Уәкілдің рәмізі мен туының ережесі мен сипаттамасын;

      Уәкілдің баяндамаларын дайындау және тарату тәртібін;

      Уәкіл өкілдерінің функционалдық міндеттерін әзірлейді және Уәкілдің бекітуіне енгізеді;

      3) өз құзыреті шегінде Ұлттық орталықтың атынан орындалуы міндетті құқықтық актілер шығарады;

      3-1) Ұлттық орталықтың регламентін, Ұлттық орталықтың өкілдері туралы ережелерді бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық орталықтың және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдіктерінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық орталықтың және оның өкілдіктерінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      6) Уәкілдің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдеріне тәртіптік жазалар қолдану және көтермелеу шараларын қолдану туралы ұсынуларды Уәкілдің қарауына енгізеді;

      7) Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің қызметкерлерін, сондай-ақ Уәкілдің өкілдерін мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсынулар бойынша ұсыныстарды Уәкілге енгізеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Ұлттық орталықтың атынан өкілдік етеді;

      9) бекітілген құрылымға және штат санының лимитіне сәйкес Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің штат кестесін бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

      20. Уәкілдің өкілін Уәкіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      Уәкілдің өкілі бекітілген функционалдық міндеттерге, осы Ережеге, Ұлттық орталықтың тиісті өкілдігі туралы ережеге сәйкес Ұлттық орталық өкілдігінің қызметін басқарады, Уәкілдің тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 108 Жарлығымен.

4-тарау. Ұлттық орталықтың мүлкі

      21. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Ұлттық орталықтың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ұлттық орталықтың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Ұлттық орталыққа бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Ұлттық орталық өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Ұлттық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Ұлттық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұлттық орталыққа қарайтын облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдіктердің тізбесі:

      1) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі;

      2) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақмола облысы бойынша өкілдігі;

      3) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі;

      4) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы облысы бойынша өкілдігі;

      5) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі;

      6) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      7) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігі;

      8) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жетісу облысы бойынша өкілдігі;

      9) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қарағанды облысы бойынша өкілдігі;

      10) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қостанай облысы бойынша өкілдігі;

      11) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігі;

      12) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі;

      13) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Павлодар облысы бойынша өкілдігі;

      14) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      15) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігі;

      16) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілдігі;

      17) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      18) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Астана қаласы бойынша өкілдігі;

      19) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі;

      20) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

147-бап. Клондау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

147-бап. Клондау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей...

Толық оқу »

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралы адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойынша

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралыадамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойыншаАлматы облысы Іле ауданы...

Толық оқу »

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi  4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫҢ IШIНДЕ ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ Ветеринария туралы Заңы

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫ...

Толық оқу »

Адам құқықтары мен бостандықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ете отырып адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік

Адам құқықтары мен бостандықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ете отырып адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікҚазақстан Республикасы заңдарының және адам саудасына байланыс...

Толық оқу »

5-бап. Цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

5-бап. Цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі      1. Адамның цифрлық ортадағы құқықтары, боста...

Толық оқу »

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылғанЖамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 8 қарашад...

Толық оқу »

5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы

5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заң...

Толық оқу »

118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету – екi жүз айлық...

Толық оқу »

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 4 Нормати...

Толық оқу »

551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодек...

Толық оқу »

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Трансплантациялау не өзгедей пайдалану ү...

Толық оқу »

1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Консти...

Толық оқу »

Қызметкерлерге жалақы мен заңнамада белгіленген өзге де төлемдерді төлемеу адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтарына қол сұғушылық болып табылады

Қызметкерлерге жалақы мен заңнамада белгіленген өзге де төлемдерді төлемеу адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтарына қол сұғушылық болып табыладыТалапкер М.сотқа "...

Толық оқу »

6-бап. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

6-бап. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі      1. Цифрлық технологияларды қолд...

Толық оқу »

19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі...

Толық оқу »

17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегiадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы

17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегiадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiҚазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заң...

Толық оқу »

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс, бұзақылық ниетпен өлтіру және жеке жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде жасалған, жанжал немесе төбелес кезінде жасалған кісі өлтіру

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс, бұзақылық ниетпен өлтіру және жеке жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде жасалған, жанжал немесе төбелес кезінде жасалған кісі өлті...

Толық оқу »

31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау Ветеринария туралы Заңы

31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау Ветеринария туралы Заңы      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, п...

Толық оқу »

219-бап. Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

219-бап. Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының Халық денсаулы...

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқару

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқаруАлматы облысы Текелі қалалық сотының 2020 жылғы 20 мамырдағы үкімімен К.көлік құралының м...

Толық оқу »

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Транспланттау не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң ағзала...

Толық оқу »

132-бап. Адамның өміріне және (немесе) денсаулығына экологиялық зиян Қазақстан Республикасының Экология кодексі

132-бап. Адамның өміріне және (немесе) денсаулығына экологиялық зиян Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Жеке тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына жағымсыз...

Толық оқу »

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсе...

Толық оқу »

32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу  Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы

32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алуТамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адам өмірі мен д...

Толық оқу »

Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.

Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті...

Толық оқу »

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостанд...

Толық оқу »

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы адамның тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсерінің алдын алуға анықтауға және жолын кесуге және оның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған құқықтық нормалар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы адамның тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсерінің алдын алуға анықтауға және жолын кесуге және оның өмір сүруіне қ...

Толық оқу »

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққанАлматы облысы Талғар аудандық сотының 201...

Толық оқу »

7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауC...

Толық оқу »

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Эксгумациялаудан және одан кейiнгi процестік әрекеттерден...

Толық оқу »

222-бап. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

222-бап. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамның мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан қарап-тексеру оның жалпы қағи...

Толық оқу »

84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республ...

Толық оқу »

Адамды қанау, адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу

Адамды қанау, адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеуҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3-бабы 1-тармағы Адам са...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы...

Толық оқу »

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылға...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына сайлау тәртібі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық за...

Толық оқу »

113-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам ағзаларын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою

113-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адам ағзаларын немесе тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою 1. Транспланттау не өзге д...

Толық оқу »

Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты залалсыздандыру (зарарсыздандыру) қайта өңдеу туралы нұсқама беруге мәжбүрлеу

Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты залалсыздандыру (зарарсыздандыру) қайта өңдеу туралы нұсқама беруг...

Толық оқу »

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру 1. Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне қасақан...

Толық оқу »