Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 8 қарашадағы үкімімен: Ж. бұрын сотталмаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 200-бабының үшінші бөлігімен 5 жылға, осы Кодекстің 345-бабының үшінші бөлігімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігі негізінде Ж.-ға түпкілікті, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі белгіленген. Сот үкімімен Ж. көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған. Қылмыстық іс апелляциялық тəртіппен қаралмаған. Бас Прокурор наразылығында ҚК-нің 345-бабының үшінші бөлігімен сотталған Ж.-ның кінәсінің дәлелденуі мен құқық бұзушылық әрекетінің саралануын дауламай, оның көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, жәбірленушіге ірі залал келтірген əрекетінің саралануына қатысты соттың қылмыстық заң нормаларын бұзғандығын, Бас прокуратураға жолдаған өтінішінде жəбірленуші М. іс бойынша өткізілген сараптамалық автотауартану зерттеу қорытындысымен келіспейтінін, аталған жол апатынан өзіне 6 750 000 теңгеге ірі залал келмегенін, автобусын қалпына келтіруге нақты 987 800 теңге жұмсалғанын көрсетіп, Ж.-ның əрекетін ҚК-нің 200-бабының бірінші бөлігімен қайта саралауды сұрағанына назар аударып, сот үкімінің соңғыны ҚК-нің 200-бабының үшінші бөлігімен соттаған бөлігінің күшін жойып, осы бөлік бойынша қылмыстық істі сол сотқа, басқа құрамда қарауға жіберуді сұраған. Іс материалдарынан нақты анықталғандай, Ж. 2018 жылғы 1 шілдеде сағат 19:00-дер шамасында Алматы облысында орналасқан «Барлық-сауда» базарынан жəбірленуші М.-ның мемлекеттік тіркеу нөмірі 913CVB/ 13 «S» маркалы автобусқа (бұдан әрі – автобус) жолаушыларды отырғызып алып, оны жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иелену арқылы айдап кетіп, «Алматы - Ташкент» тас жолының 194-шақырымында Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерінің 10.1-тармағының талаптарын өрескел бұзып, көліктің қауіпсіз жүру жылдамдығын таңдамай, оның басқаруына ие бола алмай, тас жолдың оң жақ аумағына аударылып, жол апатын жасаған.

Көлiк құралын иеленіп жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Нәтижесінде автобустағы жолаушылар Е. қайтыс болып, ал Б. мен К. əртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен. Сот іс бойынша заңның талаптарын сақтай отырып, сот тергеуін жан-жақты жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинақтаған және сот отырысында тікелей зерттеліп-сараланған, объективті бағаланған, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін нақты дәлелдемелер жиынтығын негізге алып, Ж.- ның ҚК - нің 345-бабының үшінші бөлігімен қамтылған қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деген тұжырымға дұрыс келген. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы Ж-ның кінәсі, оның бұл қылмыс бойынша өзінің кінәсін толығымен мойындап берген жауаптарымен қатар жәбірленушілер М. мен А-ның, Б. мен К-нің, бірқатар куәлардың жауаптарымен, сонымен қатар жол-көлік оқиғасының сызбалары мен фотокестелері қоса тіркелген оқиға орнын қарап-тексеру, көлік құралына қарау жүргізу хаттамаларымен, сот-дәрігерлік сараптама қорытындыларымен және басты сот талқылауында зерттелген басқа да бұлтартпас дәлелдемелермен толығымен анықталған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 125-бабында бекітілген талаптарға сәйкес сот дәлелдемелердің әрқайсысына олардың қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал жинақталған барлық дәлелдемелердің жиынтығына қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан негізді баға берген. Істің мұндай тұрғысында, Ж.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекетіне заң тұрғысынан негізді баға беріліп, ол ҚК-нің 345-бабының үшінші бөлігімен дұрыс сараланған. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық бойынша оның кінәсінің дәлелденуі мен әрекетінің саралануы наразылықта дауланбаған. Ал сот үкімінің Ж.-ны ҚК-нің 200-бабының үшінші бөлігімен кінәлі деп тану бөлігіне қатысты жəбірленуші М. өзінің басты сот талқылауында берген жауабында Ж.-ға автобусты жүргізуге рұқсат бермегенін, оның автобусты жасырын айдап кетіп, жол - көлік апатын жасағанын, бірақ оған қандай да бір материалдық талап қоймайтындығын бекіткен. Ж.-ның өзі де аталған автобусты үкімде баяндалған мән-жайда жәбірленуші М.-ның рұқсатынсыз жасырын айдап кеткендігін жоққа шығармаған. Бұдан басқа бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы оның кінәсі іс бойынша жинақталған нанымды дәлелдемелермен толық бекіген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өткізілген сот-сараптамалық автотауартану зерттеуінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 889 қорытындысына сәйкес жәбірленуші М.-ға тиесілі техникалық жарамды автобустың нарықтық құны 6 750 000 теңгені құрайтыны анықталған. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына сəйкес сот қажет болған жағдайда мүлікті ұрлау, бүлдіру немесе жою салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін сараптама қорытындысының немесе сот осы мақсатта тағайындаған мамандардың немесе комиссияның мəліметтерінің негізінде анықтайтыны көрсетілген. Алайда не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы, не бірінші сатыдағы сот, автобусты қалпына келтіру және оның жоғалтылған тауарлық құнын, яғни іс бойынша жәбірленушіге келген нақты материалдық залалдың мөлшерін анықтамаған.

Оны анықтауға қатысты тиісті сараптама тағайындамаған. Керісінше жоғарыда аталған сараптама қорытындысымен анықталған техникалық жарамды автобустың 6 750 000 теңге болатын нарықтық құнын негізге алып, сот Ж.-ның әрекетін ҚК-нің 200-бабының үшінші бөлігімен саралау жөнінде қате тұжырым жасаған. ҚК-нің 19-бабының бірінші бөлігінде адам өзінің кiнəсi анықталған қоғамға қауіпті іс-əрекеттері жəне оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауы үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады делінген, яғни адам өзінің нақты қоғамға қауіпті іс-əрекеттері үшін ғана жауап беруге тиіс. Жәбірленуші М. іс бойынша Ж.-дан өзіне келтірілген залалды өндіру жөнінде азаматтық талап қоймаған және өзінің берген жауаптарында оған қандай да бір материалдық талап қоймайтындығын бекіткен, яғни іс бойынша мүліктік залал жоқ. ҚК-нің 200-бабының үшінші бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік, көлiк құралын iрi залал келтiре отырып, жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алған жағдайда ғана туындайды және iрi залал осы Кодекстің 3-бабының 38) тармағына сәйкес азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал болып есептелінеді. Ж.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінен жәбірленуші М.-ға келтірілген материалдық залалдың нақты мөлшері бұл көрсеткіштен (2.405 теңге х 1.000 АЕК = 2.405.000 теңге) аспайды. Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы дәлелдемелерді қайтадан зерттеудің қажеттілігі жоқтығына байланысты, Ж.-ға қатысты қылмыстық істі жаңадан соттың қарауына жолдамай, нақты шешім қабылдап, оның қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін ҚК-нің 200-бабының бірінші бөлігімен қайта саралау қажет деп тапты. Жәбірленуші М. іс бойынша Ж.-дан өзіне келтірілген залалды өндіру жөнінде азаматтық талап қоймаған және өзінің берген жауаптарында оған қандай да бір материалдық талап қоймайтындығын бекіткен, яғни іс бойынша мүліктік залал жоқ. Мұндай жағдайда ҚК-нің 55-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес Ж. осы Кодекстің 200-бабының бірінші бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуға жатпайтындықтан, сот алқасы оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды жөн деп санайды.

Түпкілікті жаза ҚК-нің 58-бабының екінші бөлігі негізінде тағайындалуға жататындықтан, осы Кодекстің 46-бабының бесінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес жаза өтеу үшін Ж.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленуі тиіс. Ж.-ны кінәлі деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтың екеуі де, ҚК-нің 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес онша ауыр емес қылмыс санатына жататындықтан, одан жәбірленушілерге өтемақы қорына өндірілген мәжбүрлі төлем мөлшері он айлық есептік көрсеткіш, яғни 24 050 теңгеге дейін төмендетілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Ж.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, ҚК-нің 200-бабының үшінші бөлігі бойынша Ж.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті ҚК-нің 200-бабының бірінші бөлігімен қайта сараланып, осы бап бойынша оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкімнің Ж.-ны ҚК-нің 345-бабының үшінші бөлігімен кінәлі деп тану және ол бойынша жаза тағайындау бөлігі күшінде қалдырылды. ҚК-нің 58 -бабының екінші бөлігі негізінде Ж.-ға түпкілікті, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу үшін Ж.-ға қылмыстық–атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленді. Ж.-ға жәбірленушілерге өтемақы қорына өндірілген мәжбүрлі төлемнің мөлшері он айлық есептік көрсеткіш – 24 050 теңгеге дейін төмендетілді. Сот үкімінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандырылды. 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

104-бап. Абайсызда қазаға ұшырату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

104-бап. Абайсызда қазаға ұшырату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Абайсызда қазаға ұшырату – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерз...

Толық оқу »

21-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

21-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМенмендiкпен немесе немқұрайлылықпен жасалған іс-әрекет абайсызда жасалғ...

Толық оқу »

27-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің абайсыздығы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасау

27-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің абайсыздығы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасау Әкімшілік құқық бұзушылық, ег...

Толық оқу »

Қылмыстық абайсыздық нәтижесінде абайсызда өлім жасау абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Қылмыстық абайсыздық нәтижесінде абайсызда өлім жасау абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруЖамбыл облысы Шу аудандық сотының 2...

Толық оқу »

101-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК абайсызда қайтыс болуы

101-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК абайсызда қайтыс болуы 1. Абайсызда өлім жасау, - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуг...

Толық оқу »

Жолаушының денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген соқтығысуға жол берілді

Жолаушының денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген соқтығысуға жол берілді2020 жылғы 26 мамырда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚР Бас Прокурорының м.а....

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқару

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіні басқаруАлматы облысы Текелі қалалық сотының 2020 жылғы 20 мамырдағы үкімімен К.көлік құралының м...

Толық оқу »

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан

Жол жүрісі мен көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққанАлматы облысы Талғар аудандық сотының 201...

Толық оқу »

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп таныладыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19-бабына түсініктемеҚылм...

Толық оқу »

27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға ө...

Толық оқу »

Абайсызда, менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық

Абайсызда, менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық🔹 1. Абайсыз кінәнің жалпы сипаттамасыАбайсыздық — бұл кінәнің түрі, онда тұлға не салдарды...

Толық оқу »

21-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК абайсыздығы бойынша жасалған қылмыс 1. Менмендік немесе немқұрайлылық арқылы жасалған әрекет абайсызда...

Толық оқу »

Қажетті қорғаныс шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Қажетті қорғаныс шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеліп соққан іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылғанАлматы обл...

Толық оқу »

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, ірі залал келтіргені жəне абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылға...

Толық оқу »

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу

Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуБатыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі үкіміме...

Толық оқу »

Кінәлі адам алдын ала білмеген бірақ мұндай салдардың басталуын алдын ала білуі керек және болжай алатын жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру абайсызда жасалған деп жіктеледі.

Кінәлі адам алдын ала білмеген бірақ мұндай салдардың басталуын алдын ала білуі керек және болжай алатын жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру абайсызда жасалған деп жікте...

Толық оқу »