353-1-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына аударған кезде салық агенті жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 356-бабының 1-2-тармағына сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына қолдану арқылы есептеледі.
2. Егер осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығы сомасын ұстап қалуды салық агенті жеке тұлғаның таңдауына қарай мына тәсілдердің бірі бойынша:
1) осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұстап қалу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізіледі.
3. Салық агенті ұстап қалынған жеке табыс салығының сомасын аударуды:
1) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған келесі айдың;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген графикке сәйкес зейнетақы төлемін аудару басталған және жүзеге асырылатын келесі айдың;
3) осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда жеке табыс салығының сомасы біржолғы ұстап қалынған келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға жатады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылған адамға төлеу кезінде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға жатады.
6. Жеке тұлғаның сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған кезде біржолғы зейнетақы төлемі сомасынан жеке табыс салығын салық агентінің осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған кезде – зейнетақы жинақтарының сомасынан;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріске бұрын қолданылған кезде – зейнетақы жинақтарының сомасынан;
3) біржолғы зейнетақы төлемін жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотында қалған сомадан біржолғы ұстап қалуына жатады.
7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлғаға біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агенті осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен біржолғы ретпен жүргізеді.
Осы тармақтың ережелері зейнетақы жинақтарының сомасынан жеке табыс салығын ұстап қалу арқылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жеке табыс салығын ұстап қалу тәсілін жеке тұлғаның кірістеріне бұрын қолданылған жағдайда да қолданылады.
8. Осы баптың мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салық агенті деп танылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы