39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы 5-тарау. Инвестициялық қордың активтерін басқару Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы
1. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында:
1) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианы мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелерi және орналасқан жерi;
2) инвестициялық қор активтерiн есепке алу және олардың құнын айқындау тәртiбi;
3) инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодиан мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерлерi;
4) таза кірісті бөлу тәртібін және дивидендтер төлеуге жіберілетін ақшаның ең төмен мөлшерін қоса алғанда, дивидендтiк саясат;
5) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, мiндеттерiнiң сипаттамасы;
6) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялаудың шарттары мен лимиттерi;
7) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;
8) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлерге инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар;
9) инвестициялық саясат бойынша осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шектеулер қамтылуға тиіс.
2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтыруларды осы инвестициялық қордың директорлар кеңесі бекітеді және олар бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде нормативтік құқықтық актіде айқындалған тәртіппен уәкiлеттi органға электрондық нысанда тіркеуге ұсынылады.
Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органда тіркелгенi туралы көрсетiле отырып, осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгiленген тәртiппен оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы