107-бап. Объектінің операторы ауысқан кезде экологиялық рұқсаттың және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның қолданылуы Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Объектіні иеліктен шығару немесе оны өзгедей заңды түрде пайдалануға басқа тұлғаға беру, объектінің операторын бөліну, бөлу немесе біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде объект операторы ауысқан, немесе әмбебап құқықтық мирасқорлықтың басқа да жағдайларында, бұрын берілген экологиялық рұқсат немесе ұсынылған қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация өз күшін сақтайды және объектінің жаңа операторы үшін міндетті болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап он жұмыс күн ішінде жаңа оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 108-бабына сәйкес экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш беруге міндетті.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы