350-бап. Декларациядан кейінгі аванстық төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) аванстық төлемдерді төлеушілер төлейді.
2. Декларациядан кейінгі аванстық төлемдер есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағына және 689-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде. Аванстық төлемдерді есептеу мақсатында алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 335-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген сомасы қосылмайды;
2) мынадай жағдайларда ағымдағы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып:
егер осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағына және 689-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы салық органының ақпараттық жүйесі автоматты түрде қалыптастырған салықтық есептілік бойынша нөлдік көрсеткіштерді қоса алғанда, нөлге тең болса;
егер бөлу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға аванстық төлемдерді төлеуші болып табылса – бөлу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезеңде;
цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер есептейді.
3. Аванстық төлемдерді төлеушілер декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабын жасайды және салық төлеушінің тұрған жері бойынша салық органына ұсынады. Осы есеп-қисапты ұсыну мерзімі – есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмейді.
4. Салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген декларациядан кейін аванстық төлемдер сомасын түзетуге құқылы. Мұндай түзетулер ескеріле отырып, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің сомалары теріс мәнге ие бола алмайды.
Осы тармақта көзделген түзетулер сомасы декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабында көрсетіледі. Салық төлеуші мұндай есеп-қисапты салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуға құқылы.
5. Есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін декларациядан кейінгі аванстық төлемдер осы тоқсандардың әрбір айының 25-інен кешіктірілмей бюджетке төленуге жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
350-бап. Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді төлем көзінен салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1) – 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге тиіс болса (төлесе), жүзеге асырады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, резидент-жеке тұлғаға кіріс төлейтін мынадай тұлғалар салық агенттері деп танылады:
1) дара кәсіпкер;
2) жеке практикамен айналысатын адам;
3) заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға филиалын, өкілдігін немесе филиал немесе өкілдік ашпай тұрақты мекемесін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады;
4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.
3. Мыналар салық агенттері деп танылмайды:
1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар.
4. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесіне бір мезгілде мынадай міндетті жүктеуге құқылы:
төлем көзінен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару;
осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу.
Резидент-заңды тұлға қабылдаған осындай шешім:
жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшеге қатысты – осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;
қалған жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент-заңды тұлғаның осындай шешімінің күшін жою осындай шешімнің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден жеке табыс салығын есептеуді және ұстап қалуды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін кірістер бойынша салық агентінің салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталып қалған табыс салығын қайтару тәртібі осы Кодекстің 310-бабына сәйкес айқындалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 351-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы