191-бап. Кеден органы лауазымды адамының кедендік декларацияны толтыруы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
Тауарларды кедендік декларациялау мақсаттары үшін тұлғаның таңдауы бойынша осы бапқа сәйкес кеден органы лауазымды адамының транзиттік декларацияны, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны, көлік құралына арналған декларацияны, сондай-ақ тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде тауарларға арналған кедендік декларацияны толтыруына жол беріледі.
Кеден органы лауазымды адамының көрсетілген кедендік декларацияларды толтыру жағдайлары мен тәртібін, сондай-ақ осындай толтыруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы