540-бап. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға арналған декларация берілгенге дейін кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып табылатын тауарлар мынадай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
4) еркiн кедендік аймақ;
5) еркін қойма;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру).
2. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген өтініш берілген кезде тауарлардың декларанты болатын уәкілетті экономикалық оператор тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті электрондық құжат түрінде береді.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш, егер кеден органының байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернеттің) жұмысында техникалық істен шығудан, бұзылудан, электр энергиясының өшірілуінен туындаған, кеден органдары пайдаланатын цифрлық жүйелердің жарамсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген өзге де жағдайларда тұлғаның мұндай өтінішті электрондық құжат түрінде беру мүмкіндігін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш осы Кодекстің 194-бабының 4-тармағына сәйкес беріледі.
4. Шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Көрсетілген мерзімді есептеу осы Кодекстiң 6-бабының 6-тармағы ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы