111-бап. Берілген кедендік декларацияны тексеру, берілген кедендік декларацияны тіркеумен не тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Кеден органы берілген кедендік декларацияны тексеруді осы баптың 5-тармағында көзделген оны тіркеуден бас тарту үшін негіздердің жоқтығын белгілеу мақсатында жүргізеді.
2. Кедендік декларацияны тіркеумен немесе тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды кеден органы, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында бұдан азырақ мерзім белгіленбесе, кедендік декларацияны берген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының 1 сағатынан кешіктірмей жасайды.
3. Тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны, көлік құралдарына арналған декларацияны және электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту Комиссия айқындайтын тәртіппен, ал Комиссия реттемеген бөлікте - мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен ресімделеді.
4. Жолаушының кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Оларға қатысты жолаушының кедендік декларациясы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтімдерін сүйемелдейтін құжаттар пайдаланылатын, халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушының кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту, егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген болса, жүргізілмеуі мүмкін.
5. Кеден органы мына:
1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілген;
2) кедендік декларацияны уәкілеттігі жоқ адам берілген және (немесе) тиісінше қол қойылмаған не куәландырылмаған;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаған;
4) кедендік декларацияда кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес көрсетілуге тиіс мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) электрондық кедендік декларацияның немесе қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмеген;
6) осы Кодекстің 109-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар не осы Кодекстің 109-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда кеден органына кедендік декларация берілген мүше мемлекеттің аумағында тауарлар болмаған;
7) осы Кодекске және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір уақытта жасалуы тиіс әрекеттер жасалмаған;
8) кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір уақытта сақталуы тиіс, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген тауарлары кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмаған негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады.
6. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеу кезінде кеден органы осы баптың 5-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіз болып табылатын барлық себептерді, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген болса, - оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсетеді.
Қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияны тіркеуден бас тартқан жағдайда, егер кедендік декларацияны беру құжаттар ұсынумен сүйемелденсе, мұндай кедендік декларация және оны беру кезінде ұсынылған құжаттар, декларантқа немесе кеден өкіліне қайтарылады, бұл ретте кедендік декларацияның бір данасы кеден органында қалады.
7. Егер кедендік декларацияны кеден органы тіркемеген болса, кедендік мақсаттар үшін мұндай декларация берілмеген болып есептеледі.
8. Кедендік декларация тіркелген кезден бастап заңдық маңызы бар фактілер туралы куәландыратын құжат болады.
9. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық істен шығуынан, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының сөндірілуінен туындаған жарамсыздығы жағдайында кеден органы қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматының белгіленген құрылым мен форматқа сәйкестігіне қатысты осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіздемені қоспағанда, тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер болмаған кезде берілген кедендік декларацияны ақпараттық жүйелерді пайдаланбай, қағаз жеткізгіште тіркеуді жүзеге асырады.
Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығы кезінде кедендік декларацияны тіркеумен не тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің ерекшеліктері мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленеді.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы