109-бап. Кедендік декларацияны берумен байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Кедендік декларация мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.
2. Кедендік декларацияны тапсыру кезінде тауарлар мынадай:
1) оларға қатысты осы Кодекске сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелмей, кедендік рәсіммен орналастыру рұқсат етілген, Одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды;
2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды;
3) кедендік декларациялау осы Кодекстің 104-бабының 8-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды;
4) кедендік декларация осы Кодекстің 114 және 116-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты кеден органына кедендік декларация берілетін мүше мемлекеттің аумағында болуы тиіс.
3. Комиссия Одақ тауарларының кеден органына осындай тауарларға қатысты кедендік декларация берілетін мүше мемлекеттің аумағында бола алмайтын жағдайларды, сондай-ақ осындай жағдайларда кедендік операциялар жасаудың ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
4. Кедендік декларация тапсыру күні мен уақытын кеден органы тіркейді.
5. Кедендік декларацияны қағаз жеткізгіште беру, егер осы Кодексте, Комиссияда және Комиссия көздеген жағдайларда мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кеден органына оның электрондық түрін тапсырумен сүйемелденеді.
6. Егер кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланылса және осы Кодекстің 11-бабына сәйкес осы Кодекстің 107-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылған алдын ала ақпарат ұсынылса, алдын ала ақпарат пен көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің арасында айырмашылық болмаған жағдайда, мұндай транзиттік декларацияны тапсыру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденбейді.
7. Тауарларға арналған декларацияны беру кеден органына осы тармақтың екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденбейді.
Тауарларға арналған декларацияны қағаз жеткізгіште беру кеден органына, егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тауарларға арналған декларацияны беруші адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.
Егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес кеден органы тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе тауарлар шығарылғанға дейін тауарларға арналған декларацияны бергеннен кейін тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды ала алмаса, мүше мемлекеттердің заңнамасында осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді декларанттың ұсыну құқығы көзделуі мүмкін, сондай-ақ көрсетілген құжаттарды ұсыну тәртібі белгіленуі мүмкін.
8. Транзиттік декларацияны беру кеден органына осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, транзиттік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденбейді.
Транзиттік декларацияны беру, егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді кеден органы ала алмайтын болса, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттарды, сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.
Транзиттік декларацияны қағаз жеткізгішге беру кеден органына, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, транзиттік декларацияны беруші адамның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.
9. Жолаушының кедендік декларациясын беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен сүйемелденеді.
Жолаушының кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар тізбесін Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында қысқартылуы мүмкін.
10. Тауарларға не электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар, егер мұндай құжаттар бұрын осындай кеден органына кедендік операцияларды жасау кезінде немесе осы кеден органының кедендік бақылау жүргізуі кезінде берілген болса және осы Кодекстің 320-бабына сәйкес осы кеден органында сақталып тұрған болса, кеден органына ұсынылмауы мүмкін.
Мұндай жағдайда, осы Кодексте айқындалған адамдар бұл құжаттар туралы мәліметтерді тауарларға не электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда көрсетеді немесе оларды кеден органдарына мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге тәсілмен ұсынады.
11. Мынадай жағдайларды:
1) осы Кодекстің 104-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайда электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны қағаз жеткізгіште ұсыну кезінде (егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кеден органына электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беретін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар ұсыныла отырып);
2) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беру, кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар ұсынылмайды.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы