112-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруімен (толықтырылуымен) байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Тауарлар шығарылғанға дейін кеден органының рұқсатымен электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген декларанттың дәлелді өтініші бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер, егер декларанттың өтінішін алған кезге қарай кеден органы осы Кодекстің 325-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратпаған, оны кедендік тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаған, кедендік қарап тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдамаған және (немесе) кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаған болса, өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.
Осы баптың бірінші абзацының ережелеріне қарамастан, тауарлар шығарылғанға дейін кеден органының рұқсатымен электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген декларанттың дәлелді өтініші бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға), егер мұндай өзгертулер (толықтырулар) декларацияланатын тауарлардың тұрған орны туралы мәліметтерді өзгертумен не тауарларды шығаруға әсер етпейтін жаңсақ жазылуларды немесе грамматикалық қателерді түзетуге байланысты болса рұқсат етіледі.
Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардан өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге әкеп соқпайды.
Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда және қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
2. Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағының 9-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің бұзылуы анықталған жағдайда, олар жойылған жағдайда тауарлар шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайтын болса және кеден органы осындай бұзылуларды жою үшін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін белгілеген болса, мұндай мәліметтерді осы Кодекстің 119-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде, кеден органының талап етуі бойынша декларант өзгертуі (толықтыруы) тиіс.
Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы талаптың нысанын Комиссия айқындайды.
3. Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Кодексте көзделген және (немесе) кеден органының шешімі бойынша не кеден органының рұқсатымен Комиссия айқындайтын жағдайларда жүргізіледі.
Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы кеден органы шешімінің нысанын Комиссия айқындайды.
Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасау мерзімдері мен тәртібін Комиссия айқындайды.
4. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түрінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін, Комиссия айқындайтын, мәліметтер осы кедендік құжат қолданылмай өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияны түзету қолданылады.
Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны түзету құрылымы мен форматын және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетудің электрондық түрін, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.
5. Тауарларға арналған декларацияны түзету осындай тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетуді беру, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.
6. Комиссия тауарлар шығарылғаннан кейін транзиттік декларацияда, жолаушының кедендік декларациясында, көлік құралына арналған декларацияда және электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда және қағаз жеткізгіштегі осындай кедендік декларациялардың электрондық түрлерінде мәлімделген мәліметтерге өзгерту (толықтыру) жүргізілетін жағдайларды, сондай-ақ осындай кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтерге өзгертулер (толықтырулар) енгізу мерзімдері мен тәртібін, осындай кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтерді өзгертетін (толықтыратын) кедендік құжаттардың нысандарын, электрондық құжаттар түріндегі осындай кедендік құжаттардың және қағаз жеткізгіштегі осындай кедендік құжаттардың электрондық түрлерінің құрылымы мен форматтарын, сондай-ақ оларды толтыру тәртібін айқындауға құқылы.
Кедендік декларацияның көрсетілген түрлерінде мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) қағаз жеткізгіштегі кедендік құжатты беру, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.
Транзиттік декларацияда, жолаушының кедендік декларациясында, көлік құралына арналған декларацияда және электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжаттар кедендік декларацияның аталған түрлерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы