Декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бөлігіндегі әрекеттерді заңсыз деп тану
Кеден органының кедендік құнды растау мақсатында декларацияларды беру кезінде құжаттар мен мәліметтерді формальды түрде тексеру фактісі сот талқылауы барысында анықталды. Нәтижесінде апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшылардың талаптарын қанағаттандырды.
«А» ЖШС, «В» ЖШС Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ-не қатысты декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бөлігіндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Талап қоюшылар сотқа жүгіну кезінде мемлекеттік кірістер органы кедендік тазарту рәсімін жүргізу барысында декларацияларда мәлімделген құжаттар мен мәліметтерге тексеру жүргізбестен, кеден заңнамасының талаптарын бұза отырып, қосымша құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салусыз, «Астана-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі арқылы декларанттарға кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысандарын жолдағанын көрсетті.
2022 жылғы 4 шілдедегі Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды (№7194-22-00-4/1049). Астана қаласының СӘДК-нің 2022 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен аталған шешімнің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды. ҚР Жоғарғы Сотының СӘДК-нің 2023 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды (001-22-00-6ап/2740, 6001-22-00-6ап/2740(2)).
Соттар талап қоюшылардың 2022 жылғы наурызда алдын ала декларациялар бойынша Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына әртүрлі тауарларды (автокран – 20 000 АҚШ доллары, мұнаралы крандар – 20 100 АҚШ доллары және 14 950 АҚШ доллары, жаңа піскен зімбір – 1 кг үшін 0,8 АҚШ доллары) әкелу туралы мәлімдегенін анықтады.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындыларымен келіспеді, өйткені істі қарау барысында «В» ЖШС-нің тауарларға арналған декларациясы бойынша мәлімделген кедендік құн әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле бағасы бойынша (1-әдіс) айқындалғанын анықтады.
Декларанттың көрсетілген әрекеттерінің негізділігі тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің ҚХР-дың алдын ала ақпаратпен электрондық онлайн алмасу шеңберінде алынған ҚХР экспорттық кедендік декларациясындағы мәліметтерге сәйкес келуімен расталады. Бұл іс материалдарынан көрініс тапқан.
Дауланып отырған тауарларға арналған декларациялар бойынша талап қоюшы әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле әдісін (1-әдіс) қолдануды растайтын барлық құжаттарды ұсынған.
Соған қарамастан, жауапкер талап қою нысанындағы әкімшілік актіні шығармастан, өз бастамасы бойынша және талаптың белгіленген нысанында көзделген түзету жүргізуге негіз болған мән-жайларды көрсетпестен, «А» ЖШС мен «В» ЖШС-нің дауланып отырған тауарларға арналған декларацияларындағы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген.
Кеден органының аталған әрекеттерімен №289 шешімнің VI-тармағының, ҚР Кеден кодексінің 183-бабы 1-тармағының, 410-бабы 11-тармағының талаптары бұзылған.
Апелляциялық сот алқасы кеден органының кедендік құнды бақылау түрінде құжаттар мен мәліметтерді тексеруді формальды түрде жүргізгені, сондай-ақ Кеден кодексінің 14-бабы мен 6-тарауының талаптарын бұза отырып, талап қоюшылардың кедендік құнды растау үшін декларацияларды беру кезінде қоса тіркеген құжаттарын тиісті түрде қарастырмағаны туралы қорытындыға келді.
Осылайша, 2021 жылғы 11 ақпандағы ақпарат көзі ресімделген кезде мүлдем жаңа мұнаралы кран рәсімделген, тиісінше оның құны жаңа тауар ретінде мәлімделген. Ал дауланып отырған тауарларға арналған декларацияда 2012 жылы шығарылған, пайдаланылған мұнаралы кран декларацияланған. Жауапкер пайдаланылған мұнаралы кранның құнын түзету кезінде негіз ретінде жаңа мұнаралы кранның кедендік құнын негізсіз қолданған. Бұл ретте шығарылған жылдарының арасындағы айырмашылық 9 жылды құрайды.
Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сот аталған ақпарат көзін кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде қолдану дұрыс емес деген қорытындыға келді, өйткені жаңа кранның құны пайдаланылған кранның құнынан бірнеше есе жоғары. Сондықтан жауапкер баға ақпаратының көзін іріктеу кезінде тауардың шығарылған жылын, яғни дәл осындай пайдаланылған тауарды ескеруі тиіс еді.
Демек, кеден органының әрекеттері заңсыз болып табылады, осыған байланысты дауланып отырған тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуіне байланысты талап қоюшы төлеген кедендік төлемдер қайтарылуға жатады.
Нормативтік база
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексі (бұдан әрі – ҚР КК);
- Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – ЕАЭО КК);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы №7 «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі);
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – КК);
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт);
- ЕАЭО құқығын құрайтын актілер (бұдан әрі – кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер);
- Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы №42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы» шешімі.
Пайдаланылған қысқартулар
ҚР Жоғарғы Сотының СӘДК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
СӘДК – облыстық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары;
МАӘС – ел өңірлерінің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;
ММ – мемлекеттік мекеме;
РММ – республикалық мемлекеттік мекеме;
МКК – Мемлекеттік кірістер комитеті;
МКД – Мемлекеттік кірістер департаменті;
МКБ – Мемлекеттік кірістер басқармасы;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ЖК – жеке кәсіпкер.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау