551-бап. Салықтық кезең және акциз бойынша салық декларациясы Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Акцизге қатысты күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салықтық кезең аяқталған соң акциз төлеушілер өзі тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше тұрған жердегі салық органына акциз бойынша декларацияға осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше бойынша акциз сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.
4. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын салық төлеушілер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде тұрған (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті және осы Кодекстің 530-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
5. Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды сатып алған жеке тұлғалар өздерінің тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларацияны осындай көлік құралдарын сатып алған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
6. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана осындай акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
551-бап. Алым төлеушілер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы