419-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісінің салық салынатын сомасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді, егер осы Кодекстің 418-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші тұрғылықты (болу) жері бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
2. Резидент-еңбекші көшіп келуші салық салынатын ең төмен кіріс сомасынан есептеген жеке табыс салығын төлеу еңбекші көшіп келуші рұқсат алғанға (ұзартылғанға) дейін – еңбекші көшіп келушінің болатын жері бойынша жүргізіледі.
3. Салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеу осы Кодекстің 418-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
419-бап. Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.
Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады, қосымша шот-фактуралар болған кезде олардың да күші жойылады.
Күші жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазып беріледі.
2. Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты:
шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні;
түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген;
дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куаландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
4. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 420-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
Ескерту. 419-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы